Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2069 0 пікір 16 Маусым, 2011 сағат 06:15

Қазақстанның парламенттің делегациясы Еуропарламент басшылығымен және партия фракцияларының жетекшілерімен кездесулер өткізді

БРЮССЕЛЬ. 16 маусым. ҚазАқпарат  /Димаш Сыздықов/ -  Мәжіліс   Төрағасының  орынбасары Владимир  Бобров бастаған  қазақстандық парламентшілер  Брюссель сапарының аясында Еуропарламент басшылығымен  және  партия фракцияларының  жетекшілерімен  кездесулер  өткізді.

Атап айтқанда,    қазақстандық депутаттар Еуропалық халықтық  партия  тобының вице-президенті Иоаннис Касулидеспен,  Социалистер мен  демократтардың прогрессивті  альянсы тобының  өкілдері  Б.Томсенмен (Еуропарламенттің Қазақстан бойынша   делегациясының мүшесі)  және  Марк  Тарабелламен,  Еуропаны қолдаушы  либералдар  мен  демократтар альянсы  тобының вице-президенті Николо Ринальдимен (Еуропарламенттің Қазақстан бойынша  делегациясының мүшесі), «Еркін  және    демократиялы  Еуропа»  тобының өкілдерімен  кездесті. Сондай-ақ  қазақстандық  депутаттарға Еуропарламент Президентінің атынан қонақасы  беріліп, оған Еуропалық Парламенттің вице-президенті Либор  Ручек  қатысты.

Л.Ручек  ынтымақтастықты  орнатудағы   атқарушы деңгейдегі  (премьер-министрлер,   министрлер)   жұмыстармен    қатар, парламенттік  дипломатияның ролі де  ерекше  екенін атап көрсетті.    Еуропалық шенеуніктің айтуынша, «Еуроодақ Қазақстанды    өңірдегі  жағдайды  тұрақтандырушы  фактор ретінде   қабылдайды,  ал Орталық  Азияның  өзі   жаһандық қауіпсіздік саласында  үлкен   маңызға    ие».

ҚР Парламенті Мәжілісі  Төрағасының  орынбасары   кездесулер барысында   Еуроодақ пен  Қазақстанның арасындағы қарым-қатынастардың   белсенді дамып отырғанын  атап көрсетті. «Біз    экономикалық,  гуманитарлық салаларда,  саяси жүйелерді   демократияландыру және қайта құру салаларында    бірлесіп  жұмыс істеп келеміз.  Еуроодақтың  көмегі мен кеңесі  біз үшін аса құнды»,  дейді В.Бобров.

Парламентші  сондай-ақ,  Кеден   Одағына мүше  болып отырған    еліміздің   экономикалық  тартымдылығы туралы әңгімелеп берді  және  еуродепутаттарды   елімізде  өткелі  отырған  парламенттік  сайлаудың барысын  бақылауға   шақырды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5560