Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2096 0 пікір 16 Маусым, 2011 сағат 06:57

Нұра Матай. «Чурка» емес екеніңді дәлелде!

Қазақ жастарының арасында танымал «Майл.ру» әлеуметтік желісінің «Музыка» бөліміне кіріп жағамызды ұстауға мәжбүр болдық. Осы желіні тұтынушылардың пікірінше http://my.mail.ru/my/audio-top «ең сүйікті» және «ең көп тыңдалған» әндердің бірі ретінде «Народный фронт» тобының «Чурки нах... из страны» атты әні танылыпты. Бірнеше күннің ішінде бұл әнсымақты, шын мәнінде нағыз шовинистік туындыны, 100 мыңнан астам адам тыңдап та, «ұнатып» та үлгеріпті.

Орыстың фашистері мен шовинистерінің бұндай туындыларды жақсы көруі ғажап емес. Орыстан өзге ұлттар мен ұлыс өкілдерін ұрып-соғып, өлтіріп жатқан елде осындай «әннің» шығуы заңды дүние. Алайда, бұндай «музыкалық шедеврді» көптеген елдердің азаматтары тұтынып отырған «Майл.ру» әлеуметтік желісінің әкімгерлері неге алып тастамайды деген сұрақ туындайды екен. Алып тастап, өз тұтынушыларынан неге кешірім сұрамайды?

Осыған орай соңғы кездері қазақ жастарының арасында «Майл.ру» поштасы мен әлеуметтік желісінен шығып, әлемдік пошталық қызметтер мен желілерге көшу қажеттігі туралы әңгімелердің дұрыстығы туралы ой келді. Егер «Майл.ру» әкімгерлері осындай фашистік дүниелерді алып тастамаса, орыс емес қауымнан кешірім сұрамаса, амалсыз бойкот жасауға тура келеді. Онсыз да тарылып бара жатқан «орыс әлемі» одан әрі тарыла берсін!

Бұған не дейсіз, құрметті оқырман?

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5558