Шәріпхан Қайсар. Тасбай тағы тасып тұр
Тамыздың 19-ы күні сенат сайлауы болғалы жатыр. Бұл сайлауда ел элокторат емес, тіпті ешкім де емес. Айтпақтайын, осы сенат депуттарын сайлауға ел іші тіпті елең етіп те қоймайды, өйткені... жағдай солай. Елдің елең етпейтін себебі - сенат депутаттығынан үміткердің кандидатурасын қолдап облыс мәслихатының депутаттары дауыс бере салады, бітті шаруа. Тегінде, қаржы шығындап, алашапқын болғанша осы дұрыс шығар. Әйткенменде, облыс депуттары кімдерге дауыс беріп келеді деген жалқы сауалға жауап іздеп көрелікші. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысының мәслихаты он бес жылдан бері Симамбаев дейтіннің сауырынан сипап сенатқа аттандырып отыр. Аты Тасбай. Тасбай сенат үйінің ығында тасалап жүргеннің бірі еді, былтыр мәжілістегі әріптесі әм жерлесі Жарасбай Сүлейменов мырза «Петропавлскінің атын тарихи қалпына келтіру керек» деп депутаттық саулдама жасағанда талағы тарс айрылып, тас талқан болды. Сөйтіп көрінді. Сөйтіп білінді. Сол Тасбай кеше тағы да тасып сөйледі.

Сөйлегенде бүй деді:
- Мен, - деп қояды ол салбыраған әукесіне ие бола алмай тұрып, - денсаулығы мықты, сергек адаммын. Менің білімім, депуттатық мол тәжірибем қоғамға, сенат жұмысына қатты керек. Сондықтан мен қайтадан сайлануға әзірмін.
Қараңыз да тұрыңыз, Тасбай тағы да тағайындалады.., кешіріңіздер, сайланады. Сайланып келе салысымен сайланып алып Солтүстіктегі өзі өлердей жақсы көретін жұрттың сойылын соғып, соқасын сүйретеді. «Петропавлск қамалын Абылай хан орыстармен біргіп жоңғар шапқыншылығынан қорғады» деп «тарих» бетінен талтайтып жаңалық ашқан Тасбай одан зорғысын айтса, сірә, таңқаламыңыз! Көрдіңіздер ме, облыс мәслихаттары қандай адамдардың кандидатурасын жақтайды? Кімдерге дауыс береді? Ал, ұлтын жан тәнімен сүйетін, қазақ ұлтының саясындағы өзге ұлыстарды ешкімнен кем көрмейтін кемел азамат Жарасбай аға Сүлейменов болса, бір сұхбатында: «Мәжіліс депутаттығынан босасам елге пайдам тиетін шаруамен ғана шұғылданамын, қаламымды ұстап жазу үстеліне қайтадан отырамын» дейді.
Тасбай тасыр тасырлатып жүр. Тасбай тағы тасырлатпақ. Тасбайдың тасырын «Абай.кз» ақпараттық порталының мұрағатынан тауып алып оқи беріңіздер, «қызыққа» кенелесіздер.
«Абай-ақпарат»