Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2494 0 пікір 17 Маусым, 2011 сағат 06:45

Қазақстандық гимнасшылар Әлия Асымова мен Анна Алябьева Азия чемпиондары атанды

АСТАНА.  17 маусым.  ҚазАқпарат -  16 маусымда  Астанада  көркем  гимнастикадан   V Азия чемпионатының екінші  жарыс күні аяқталды.

Жарыс бағдарламасында   жасөспірімдер  арасында    топтық жаттығулар,  булава  және лента  жаттығулары өтсе,    ересектер арасында көпсайыстың бірінші финалы болды,  деп хабарлады    елордалық  туризм,  дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

Жарыстың  бірінші  күнінің  қорытындысы  бойынша,    жеке біріншілікте   шеңбер  жаттығуымен   елордалық   №1  спорт мектебінің   тәрбиеленушісі Әлия Асымова   көш бастады.   14 жасар Әлия  жарыстың  екінші күні де  тамаша өнер көрсетіп, Азия  чемпионы атағын жеңіп алды.

Топтық   жаттығуларға, өкінішке  қарай,  қазақстандық  қыздар     жанкүйерлерін  қуанта алмады.  Жапония,  Қытай  және  Өзбекстан   спортшылары   жүлделік   үш  орында  өзара бөліп алды.  Қазақстан   төртінші  орынды қанағат тұтты.

Көпсайыс  бойынша  жеке  біріншіліктің  финалында    Азия ойындарының екі дүркін чемпионы   қазақстандық  Анна Альябева алдына жан  салмады. Ол  барлық жаттығуды   тамаша  орындап,   Азия чемпионы атанды.

Бүгін  топтық жаттығулар  бойынша  және жасөспірімдер мен ересектер арасындағы  жеке біріншіліктің   финалдық   жарыстары  өтеді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5560