Қызылорда облысының шалғайдағы Ажар ауылында жел электр стансасы іске қосылды
ҚЫЗЫЛОРДА. 17 маусым. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысының Қазалы ауданына қарасты алыстағы Ажар ауылында жел-аккумуляторлы-дизельді электр стансасы іске қосылды.
Қуаты 40 киловатт болатын болатын бұл электр стансасы жобасының құны 35,4 млн. теңге тұрады. Бұл қаржы былтыр облыстық бюджеттен бөлінген. Жобаның мердігері ретіндегі қызметті «Дарын-Ж» ЖШС атқарды. Бұл стансаның қызметі Қызылқұм қойнауындағы шағын ауыл тұрғындары үшін барынша арзанға түсетін түрі бар. Ол жел соқпай қалған уақыттарда бұған дейін қуат жинап алған аккумулятордың күшімен немесе дизель отынының көмегімен жұмыс жасай береді.