Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
4023 0 пікір 17 Мамыр, 2019 сағат 18:21

Мемлекет басшысы Паралимпиадалық жаттығу орталығына барды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Паралимпиадалық жаттығу орталығына барды.

Мемлекет басшысына халықаралық қолжетімді стандарттар бойынша қайта жаңғыртылған, мүмкіндігі шектеулі жандарға толықтай ыңғайластырылған жаттығу, ойын залдары, жүгіру жолағы, жекпе-жек және пауэрлифтинг аумағы бар паралимпиада орталығы таныстырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев паралимпиадалық ойындарды мемлекет қолдайтынын әрі халықаралық ареналардағы біздің спортшыларымыздың жетістіктерін мақтан тұтып, жоғары бағалайтынын айтты. Сонымен қатар, Токиода өтетін Паралимпиадалық ойындарда жоғары деңгейде өнер көрсету үшін ұйымдастыру және қаржылық қолдау көрсетілетінін жеткізді.

– Осы орталықтың арқасында елордамыздағы мүмкіндігі шектеулі жандарға спортпен шұғылдану тегін болып отыр. Елімізде 680 мыңға жуық әртүрлі деңгейдегі мүмкіндігі шектеулі жан бар. Қолымыздағы деректерге қарағанда сол азаматтардың 3 пайызы ғана белсенді түрде спортпен айналысады екен. Бұл жағдайды өзгерту үшін жұмыс істеп жатырмыз. Бүгін түске дейін еңбек және жұмыспен қамту бойынша кеңес өткіздім. Сол жиында мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмысқа орналасуын жіті назарда ұстау керектігі айтылды. Бұл – үлкен әлеуметтік міндет. Ерекше мұқтаж жандардың толыққанды өмір сүруіне бар күшімізді салуымыз керек, – деді Қазақстан Президенті.

Кездесу соңында мүмкіндігі шектеулі спортшылар өз өнерлерін көрсетті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1115
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2649
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 770
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 736