Сенбі, 23 Қараша 2024
Анық-қанығы 5696 8 пікір 20 Мамыр, 2019 сағат 15:35

Қоғам ашық әрі шынайы сайлау өткізу үшін не істей алады?

Сайлауды бақылау – бұл қосымша мүмкіндіктер емес, сайлауды бақылау бұл – қажеттілік. Оны бақылау қалыпты жағдайға айналды, алайда, ол демократиялық саяси жүйені қалыптастыру үшін негіз болып табылады. Бақылаушылардың іс-әрекеттері сайлауды елде де, одан тыс жерлерде, яғни шет мемлекеттерге де заңды (қоғам таныған) өтуіне мүмкіндік береді. Себебі, сайлауда қақтығыстардың жиі болатыны белгілі. Мысалы, діни немесе этникалық қарама-қайшылықтар негізінде немесе әлеуметтік топтар арасында болуы мүмкін.

Мұндай жағдайларда сайлауды өткізу қауіпті уақыт кезеңі болып есептеледі. Өйткені, дәл сайлау науқанында тіпті азаматтық соғыстарға әкелетін зорлық-зомбылықтар болуы мүмкін. Мысалы, африкалық елдердің тарихында осындай жағдайлар  кездескен. Және ел ішінде соғыс болған мемлекеттер тұрақтылыққа жету үшін қайтадан сайлау өткізетін болған. Бірақ,  сол қақтығыстардан кейін қоғамдағы тараптардың арасындағы сенім деңгейі төмендейді. Тиісінше сайлауды қайта өткізу одан сайын қиын бола береді. Тұрақсыздық, сенімсіздік атмосферасы барлық уақытта қақтығыстарды туғызады. Ал, тараптардың бірі жеңген жағдайда сол жеңісті жоққа шығарып, мойындау қиындай түседі. Сол себепті жағдай тағы да тығырыққа тірелуі мүмкін.

Ал, сайлау керісінше қоғамның бірігуіне қызмет етуі тиіс. Бірақ, мұндай жағдайларда оны өткізу қиын болады. Сондықтан әділ әрі ашық сайлауды қамтамасыз ету үшін бақылаушылардың болуы маңызды. Олар сайлауға деген сенімді қайта қалпына келтіреді. Сол себепті, қазіргі тынымсыз әлемде сайлауды бақылау – бұл сәнге деген құрмет емес, тек формасы ғана бар көзбояушылық емес, қажеттілік. Мысалы, өтпелі кезеңнің тұрақтылығын қамтамасыз еткен Камбоджадағы БҰҰ уақытша органы 1993 жылғы сайлау үшін арнайы бір жыл ішінде жергілікті азаматтардан 50 мыңнан астам бақылаушы оқытты. Ақыр соңында, бұл сайлаудың табысты өткізілуін қамтамассыз етіп, ұзақ уақытқа жүйеге деген сенімді қалыпқа келтіріп, партиялар мен азаматтық қоғам дамуының негізін қалады. Бақылаушылар әдетте бейтараптылықты ұстанатын басқа елдердің немесе үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен құралады. Олардың негізгі мақсаты-сайлаудың жергілікті және халықаралық сайлау нормаларына сәйкес өтуін қамтамасыз ету. Оның үстіне сайлауды бақылау тек сайлау күні ғана емес, бүкіл электоралды кезеңді қамтиды. Өткен ғасырдың 90-жылдарынан бастап сайлауды бақылау кең тарала бастады. Өйткені, жаңа демократиялық мемлекеттердің саны артты. Оның үстіне Кеңес Одағынан ыдыраған Қазақстан секілді елдердің көбеюі себеп болды. Бірақ соңғы жылдары АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Швейцария сынды бұрыннан демократияға жақын елдердің өзінде  байқаушылардың саны өсуде...

Қазақстандағы бақылаушы топ деп "Аманат" азаматтық платформасын айта аламыз. "Аманат" - бұл әділ әрі ашық сайлауға мүдделі Қазақстандықтардың тәуелсіз, ерікті бірлестігі. Аманаттың құрамына қоғамдық ұйымдардың өкілдері, журналистер, сарапшылар, азаматтық белсенділер кіреді. Біз қазірдің өзінде бақылау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Байқылаушы жақсы дайындалуы тиіс және сайлауда пайда болған кез келген жағдайға қалай жауап беру керектігін білуі тиіс. Бұл толық әрекет алгоритмдері арқылы қол жеткізіледі. Сондықтан да жұмыстағы маңызды кезең-бақылаушыларды оқыту. Біз бақылаушылар үшін арнайы тренингтер өткіземіз. Қазір бүкіл ел бойынша 10 мыңнан астам бақылаушыны оқытамыз. Олардың қатарында Алматы қаласынан 26 ҮЕҰ және Қазақстан халқы Ассамблеясының 12 этномәдени орталықтарының өкілдері, қалалық ЖОО студенттері бар. Бақылаушылар саны сайлау учаскелерінің санынан асып түседі, сондықтан олар бір-бірін алмастыруға ыңғайлы болады. Сайлауды бақылау көпшілік үшін формалды, маңызы жоқ ұқсайды. Біз жасаған қысқа шолу оқырмандарға өз пікірін өзгертуге көмектеседі деп үміттенемін. Бақылаушылар-сайлау әділ және ашық өтсін деп ұмтылып жүрген патриоттар деп айта аламын. Ал әділ сайлау-халықтың сеніміне кепілдік бере алады.

Abai.kz

 

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5445