Жексенбі, 20 Сәуір 2025
2869 4 пікір 21 Мамыр, 2019 сағат 11:02

ІІМ "сыйлыққа ат мінген" полиция басшысын қызметтен босатты

Қазақстан ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев президент әкімшілігінің келісімімен Атырау облысы полиция департаменті басшысы Аян Дүйсембаевты қызметтен босатты. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін интернетте Атырау облысы полиция департаменті басшысы Аян Дүйсембаевқа ұқсайтын адамға бір топ жұрт қошеметпен жылқы мінгізіп жатқан видео тараған. Ішкі істер министрлігі бұл видеодағы адам Аян Дүйсембаев екенін айтып, оның үстінен қызметтік тексеріс басталғанын хабарлаған.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "сыйлыққа ат мінген" полиция департаменті басшысын қатаң жазаланатынын айтқан.

Кейін ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди бастаған комиссия Атырау облысына барып, қоғамда шу туғызған оқиғаны тексерген. Министрліктің хабарлауынша, комиссия Дүйсембаевтың қызмет этикасын бұзғанын анықтаған.

6 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтанда Аян Дүйсембаевқа генерал-майор шенін тапсырған.


Abai.kz
4 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2057
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4919
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4114