Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Экономика 6364 5 пікір 25 Мамыр, 2019 сағат 20:17

Қайрат Келімбетов: Жаһандық қаржылық медиа хабты құруды қарастырып жатырмыз

Алматыда XVI Евразиялық медиа форум өтуде. Екі күнге ұласатын айтулы шараға «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Басқарушысы Қайрат Келімбетов те қатысты. Ол АХҚО алаңында алдағы уақытта Жаһандық қаржылық медиа хаб құрылатынын мәлім етті. Бұл туралы
abai.kz хабарлайды.

АХҚО-ның бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктеріне тоқталып өткен ол, өңірлік қаржылық хабтың еліміздегі медиа саласын дамытуға да атсалысатынын атап өтті. Айта кетерлігі АХҚО бүгіннің өзінде Bloomberg, CNN, Reuters сынды әлемнің беделді медиа алпауыттарымен жұмыс жасайды.

«Біз Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп Нұр-Сұлтанда Жаһандық қаржылық медиа хабты құру туралы тұжырымдаманы қарастырудамыз. АХҚО бүгінде Еуропа мен Қытай елінің іскерлік БАҚ-ы және Bloomberg, CNN, Reuters сынды компаниялармен тығыз жұмыс
жасауда. Біз Қазақстан мен Орта Азия елдеріне АХҚО арқылы инвестиция тарту жұмысына Жаһандық қаржылық медиа хаб та сүбелі үлес қосады деген сенімдеміз. Олар АХҚО жайлы барлық жаңалықты әлем елдеріне таныстырып отырады»,-деді АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов.

Бұған дейін АХҚО алаңында әлемге танымал «Bloomberg L.P.» студиясының ашылғаны белгілі болған еді. Әлемге белгілі алып телеарна студиясының АХҚО-да ашылуы – таңсық жаңалық емес.
Себебі ресми түрде ашылғанына бір жылдан астам уақыт ғана өткен өңірлік қаржылық хаб елге инвестиция тартып қана қоймай, көптеген шетелдік компаниялардың Қазақстанға келіп, жұмыс жасауына себеп болды. Оған дәлел, АХҚО-да бүгіннің өзінде 160 компанияның тіркелуі болып
отыр.

Еске салсақ, АХҚО 2019 жылдың наурызында Әлемдік қаржы орталықтары индексінде (Global Financial Centres Index) 37 сатыға көтеріліп, 102 орынның 51 орнына жайғасқан болатын. Ал Шығыс Еуропа мен Орталық Азия өңірі бойынша орталық бірінші орынды иеленді. Сонымен қатар орталық «Ислам қаржысына институционалдық қолдау көрсеткені үшін», «Ислам қаржысы
саласында саясатты құрғаны үшін» және «Адам капиталын дамытудағы бастамалары үшін» ислам қаржысы саласындағы Global Islamic Finance Awards (GIFA) атты белді жүлденің бірден үш марапатына ие болды.
Бүгінде АХҚО алаңына Қазақстан, АҚШ, БАӘ, Сингапур, Қытай, Ұлыбритания, Германия және Франция елдерінен жүз компания тіркеліп үлгерді. Бір жыл ішінде Сбербанк, Master Card, Visa, Euroclear, ERG, SAP, «Даму» қоры сынды ірі компаниялармен ынтымақтастық туралы
меморандумға қол қойылды. АХҚО өзіне тіркелген компаниялар санын 2020 жылға дейін 500-ге жеткізуді жоспарлап отыр.

Нұра Матай

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2057