Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3627 0 пікір 29 Мамыр, 2011 сағат 08:03

«Мұнай тек жоғары жалақылармен ғана елестетілмеуі керек»

Осындай пікірді мұнай саласының ардагері, Ұлы Отан Соғысына қатысушы Қамқа Үмбеталина айтты

Оны бұрғылама ертінділерінің ханымы деп атайды.

Осындай пікірді мұнай саласының ардагері, Ұлы Отан Соғысына қатысушы Қамқа Үмбеталина айтты

Оны бұрғылама ертінділерінің ханымы деп атайды.

88 жастағы Қамқа Үмбеталиеваның соғыстан кейінгі бүкіл саналы өмірі мұнай саласымен байланысты. Осы күнге дейін ол жүрегіне жақын салада болып жатқан жағдайларды және өзінің мұнайшы-әріптестеріне қатысты жағдайлардың барлығын білгісі келеді. Қамқа апай Маңғыстау мұнайын өндіру мерейтойын тойлау қарсаңында біздің тілшімен әңгімелесуге қуана келісті. 
- Сіздің өмірбаяныңызға қарап отырсақ, тағдыр Сізге әрдайым әйел адамға тән емес кәсіптерді  жолықтырған екен. Сізге Ұлы Отан Соғысының тауқыметін бастан өткеруге, мұнай кен орындарын геологиялық барлаумен айналысуға, ініңіз бен сіңліңізді аяққа тұрғызуға тура келді...
- Мен қатарлы адамдардың барлығының тағдыры оңай болған жоқ. Менің әке-шешем ерте дүниеден өтті, менің қолымда сіңлім мен екі інім қалып қойды. Қиын отбасылық жағдайға қарамастан, мені, 19-жасар жетім қызды майданға алып кетті. Сол соғыстан естелік ретінде марапаттар қалды: 2-ші деңгейлі Ұлы Отан соғысының ордені, «Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медальдары және басқалары. Соғыстан кейін маған жұмыс керек болды. Бір күні қонақта отырғанда, «Казахнефть» бірлестігінің ғылыми-зерттеу орталығының директоры Сапар Қарымсақовпен таныса отырып, мен одан жұмыспен көмектесуін сұрадым. Осылайша, цемент және балшық ерітінділері бойынша зертханашы болып орналастым. Әлі есімде, мені бастығымыз Надежда Моргацкая біршама жақтырмай қарсы алған болатын: «Саған дейін мұнда үш адам болып, техникалық балшықтан қорыққаннан қашып кетті. Сірә, сен де қашып кетерсің». Осы сөздерді айта отырып, ол «Ғылыми зертханада жұмыс істеуді бастаушыларға арналған оқулықты» менің алдыма тастады. Бұл сөздер менің намысыма тиіп кетті. Кім біледі, мен үшін шешуші ынталандырушы болып, менің кәсіптік болашағыма себепші болған дәл солар шығар. Маңғыстауға мен 1965 жылы көшіп бардым. Зейнетке шыққанша осылайша мұнай саласында еңбек еттім, Қаламқас, Қаражанбас, Северные Бузачи, Арман, Домба, Қарақұдық және т.б. кен орындарын игеруге қатыстым. Алғашында «Казнефтегазразведка» тресті зертханасының аға инженері болып жұмыс істедім, одан соң - «Мангышлакнефтегазразведка» тресті зертханасының аға инспекторы болып жұмыс істедім, одан соң маған Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген геологтық барлаушысы атағы және КСРО жер қойнауын барлау саласының үздігі атағы берілді. 
- Қазіргі таңда Маңғыстау жеріндегі алғашқы жұмыс істеген жылдарыңыз Сіздің көз алдыңызда немен елестетіледі? Ауыр климаттық жағдайларымен ба, тұрмыстағы қиындықтармен ба, жоқ әлде жаңа қаланың пайда болуымен ба?
- Ең алдымен, менімен бірге қолтықтаса жұмыс істеген біртума адамдарымен. Мысалы, мен Сафи Өтебаев сияқты отандық мұнай өнеркәсібіндегі сондай даңқты адаммен бір салада еңбек ету бақытын бастан өткердім. Ол Қазақстанның мұнай және газ өнеркәсібін ұйымдастыруға және дамытуға үлкен үлес қосты, «Казахстаннефть» және «Мангышлакнефть» бірлестіктерін құрудың қайнар көзінде тұрды. Айтпақшы, ол - 30-жылдары жасақталған инженер-мұнайшылардың бірінші толқынының өкілі болған. Сафи-аға мен оның әріптестері - бүгінгі күнге дейін мұнай саласының тірегі болып отырған негізгі іргетасты салды. 
1974 жылдың қаңтар айындағы Қаражанбас мұнай кен орнының ашылған сәті әлі анық есімде, сол кезде 303 метр тереңдіктен мұнайдың күшті фонтаны атқылаған болатын. Бұл оқиға көптеген мамандар үшін тосын сый болды, өйткені, сонау 1960 жылы Бүкілодақтық мұнай ғылыми-зерттеу геоогтық-барлау институтынан келген геологтар Қаражанбас құрылымының дәл ортасынан ұңғыма  қазуды жүргізген болатын, алайда, 385 метр тереңдікте бұрғылау тоқтатылды, ал құрылым келешексіз деп анықталды. Содан міне, мұнай шықты, К-12 тәжірибелік ұңғымадан бірінші фонтан атқылады. 
- Әйтсе де, су жоқ жағдайында бұрғылау - оңай шаруа емес. Мұнайды іздеу - төзбес қиындықтармен жалғасып отыратындығы жайлы саланың ардагерлері естеріне алып отырады. Бұның барлығынан Сіз секем алып қалған жоқсыз ба?
- Қиындықтар бізді тек шынықтырып әрі біріктіріп отырды. Иә, алғашқы келушілер жеркепелерде тұрды, жабдықтар, су, азық-түлік жетіспеді. Әйтсе де біз алаудың басына жиі жиналып, гитараның сүйемелдеуімен ән салатынбыз, керннің бірінші битуминоздық бөлшектеріне, мұнайға жол ашатын каротаждық даграммаларға қарап қуанатынбыз. Маңғышлақтың алғашқы мұнайы аз қозғалғыш және тотықтанған болды да, қарама-қайшы пікірлер туғызды. Әйтсе де, 1958 жылдың тамыз айында Жетібай құрылымында алғашқы ұңғымның негізі қаланды. Ал 1962 жылдың басы Өзен аумағындағы мұнайдың ірі қорларының ашылу сәті болды. Және де бұл - мойындауға апаратын жолдың бастамасы ғана болды. Әрбір қадам жаңа әдістемелер мен шешімдерді, ғылыми жетілдірулерді қажет етті, мұнайға бай Маңғыстауға бүкіл еліміздің мұнай ғылыми-зерттеу институттарының мамандары шақырылды. 
Өзен және Жетібай кен орындарындағы ауқымды өндірістік-барлау жұмыстары сонау 1962 жылы басталды, менің Маңғыстауға келерімнің алдында бірнеше жыл бұрын. Сәл кейінірек мен осында ызғарда және аптап ыстықта аянбай жұмыс істегендермен таныстым. 1964 жылдың 15 шілдесінде, Өзен кен орнын тікелей игеру мақсатында Өзен мұнай-газ-өндіру басқармасы құрылды. Дәл осы күннен бастап Жаңаөзен қаласының құрылысы басталды. Бірінші қазық қағылып, бірінші вагондар келді, бірінші барак, артынан ықшамаудан салынды. Мұнайшылардың қаласының жыл санағы солардан басталады.
1965 жыл Жаңаөзен қаласы үшін аса ерекше мәні бар жыл болды. 10 тамызда Өзен-Жетібай-Ақтау-Мақат теміржол торабы уақытша пайдалануға берілді. Бір айдан соң Атырау мұнай өңдеу зауытына өзен мұнайының бірінші эшелоны жөнелтілді. Содан бері бұл күн - Маңғыстау түбегіндегі мұнай өнеркәсібінің туған күні болып саналады.
- Бүгінгі таңда, өкінішке орай, осы кен орындарында жұмыс істейтін мұнайшылар - жұмыс жағдайларына, жалақы көлеміне, кәсіпорындардың жұмысына ылғи көңілі тоймайтындар ретінде әрекет жасай отырып, наразылық шараларымен елестетіледі. Мысалы, «Қаражанбасмұнай» АҚ жұмыскерлерінің аштық жариялауы туралы Сіз не ойлайсыз? Қазіргі мұнайшылардың әрекеті осы саланың ардагерлерінің қолдауына ие болуда ма?
- Егер шынын айтсақ, мен оларды кінәраттаймын. Менің жасым тоқсанға таяп қалса да, мен көбінесе үйде теледидардың алдында отырып, жаңалықтарды газеттерден біліп отырамын, менің жүрегіме жақын салада болып жатқан жағдайлар мені толғандырмай қоймайды.Мұнай, біріншіден, үлкен жалақымен елестетілмеуі керек. Бізге, барлаушыларға, қиын болды, біздің алдымызда не күтіп тұрғанын, қандай қиындықтар болатынын білместен біз алға жылжып отырдық. Ұңғылау ерітінділері бойынша шебер болу өте қиын ғой. Мұндай ғылымның түрі жоқ, осы салада маман болу үшін бөлек-бөлек үш ғылымды оқуға тура келеді. Мен «Ұңғылау ерітінділері және олардың құрамдас бөліктері» атты кітапты жазған америкалық ғалым Роджерске бүкіл әлемнің бұрғылаушылары рахмет айтуы керек деп әрқашан айтып отырамын.Сондықтан да, бізбен салыстырғанда, жетілдірушілерге оңайырақ, олар дайын мұнайды ғана алып шығады. 
Менің ойымша, өз жалақыларын шексіз көтере беруді талап ете отырып, мұнайшылар әлеуметтік салада жұмыс істейтіндерді, бюджеттіктерді, мұғалімдер мен дәрігерлерді, мемлекеттік қызметкерлерді кемсітеді. Екіншіден, қарап отырсаңыз, ұжымның ішіндегі келіспеушіліктерді жалпының назарына шығару үрдісі, Бұқаралық Ақпарат Құралдарын шақыру және бүкіл әлемге жыламсырау үрдісі белең алып барады. Қоғамда мұнайшылардың әрекеттерін кінәраттап, оларды ылғи ереуілге шығушылар деп атап жатқандарды мен көріп те, естіп те жүрмін, және де оларға деген көзқарас бара-бара теріс жаққа қарай ауыса бастады. Мені, осы саланың ардагерін бұл жағдай толғандырмай қоймайды.
Сонымен қатар, менің пікірімше, мұнай кен орындарында жұмыс істеп жатқандар - осындай жолмен өздерінің саяси мақсаттарына қол жеткізуге талпынып жатқандардың теріс ықпалына түскен сияқты. Мүмкін, менің ойларым олардың ойлау қабілеттерінен артта қалған болар, мен келісемін. Мүмкін, біздің кезімізде орасан зор банк несиелері болмай, соның салдарынан бізде қымбат автокөліктер мен басқа да тұрмысқа қажетті жайлы заттарды сатып алу мүмкіндігі болмаған шығар. Бірақ, сонда да, менің ойымша, материалдық игіліктерді ешқашан да естеліктен жоғары бағалауға болмайды. Наразылық шараларын үнемі ұйымдастыра отырып, қазіргі таңдағы мұнайшылар - жарты ғасыр бұрын Маңғыстау мұнайының қайнар көзінде тұрғандардың сіңірген орасан зор еңбектерін бағаламайтын сияқты. Біз үшін, ардагерлер үшін олардың қылықтары түсініксіз, сонымен қатар, біздің ойымызша, бір-бірін әр-түрлі наразылық шараларына тартып жатқан қазіргі таңдағы мұнайшылардың мұндай қылығы дұрыс емес.

Сая ЗАГИПОВА, Маңғыстау облысы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3219
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5274