Шәріпхан Қайсар. Досқалиевқа төнген қауіп...
Кеше бұрынғы денсаулық министрі Жаксылық Досқалиев сотқа ҒЗИ ғимараты турасында айтып берді. Ол осы ғимаратты жарақсыздығына қарамастан қабылдап, мемлекетке 673 миллион 487 мың теңге зиян шектірді деп айыпталуда.
«Шын мәнінде, нысанның кілтипаны болды, расында мердігерде тәртіп болмады, тіпті, біз оны бітіру сәтінде ғана қолға алдық. (...) Желтоқсанның басында - қарашаның соңында барғанымда, олар оны тапсыруға дайындалып жатты. (...) Нысанды аралағанымда,білесіздер ме, былықты көріп төбе шашым тік тұрды: нысанды қалай тапсырмақсыңдар? Қасбеті жоқ, шайынды құбыры анау, қаптаған ескертпелер жасалды. Ал ол болса, тапсырмақшы. Мен былай дедім: «Ешқандай да қабылдау болмайды - бітті». Сосын «Оканның» (құрылысшы ЖШС «Окан Констракш» - Ш.Қ) өзі маған келуін тапсырдым. (...) Ол келмеді. Экономикалық сот арқылы біз оның барлық жылжымас және жылжулы мүліктеріне деген есепшоттарды қаматтырдық. Содан кейін ғана ол маған қаңтарда келуді шешіпті. Әңгіме аса қатаң түрде өтті. Ол мені қорқыта бастады, бірақ, мен бітпеген жұмыстың бәрін қайтадан қалпына келтіруін талап еттім», - деп мәлімдеді сотқа Досқалиев.
Аталмыш институт ғимараты бұрынғы министр Анатолий Дерновой кезінде 92 пайызға бітіпті. Шамасы, бітпеген сол нысан Досқалиев кезінде жалғасуына қарағанда, ғимарат салушы ұйымның үлкен арқа сүйері болған секілді.

- Досқалиев Астана медицина академиясының ректоры кезінде салынған тұрғын үйден өзіне тоғыз пәтер жымқырғаны бойынша да айыпталып отыр. Бұрынғы министр бұл эпизод бойынша да барынша нақты айғақ келтірді: « «Әуелі ЖШС «999» сосын, «Астана КБТ» ЖШС-лармен арадағы келісімшарттарға жасалған талдама қандай да бір үстеме ақы төлеуге деген мотив жоқтығын көрсетті. Медакадемия құрылысқа бір тиын да бөлген жоқ және де Кенжиннен оны талап ететіндей, соның салдарынан ол бізге қарай белгілі бір бөлігін «домалататындай» (откат) ешбір себеп жоқ. Мердігерде бәсекелес болған емес, онда тіпті, жеңбеген жағдайда қосымша ақы беретіндей ой да туылмауы керек. Келісімнің шарттары бойынша барлық тәуекел соның ішінде қаржылай тәуекелдің бәрі мердігердің мойнына жүктелген болатын.(...) Мәртебелі, мен былай дегім келеді: маған мердігерден қандай да бір қосымша ақы сұрайтындай негіз жоқ,мен оны, ант етейін, істеген емеспін»,- деген Досқалиев сотты сендіруге тырысты.
Жақсылық Досқалиев сотқа мұқият әзірленіпті: үдеріске қатысушыларға іске қатысты слайдтар мен сызбаларды үлестірді.
«Абай-ақпарат»