Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3013 0 пікір 24 Маусым, 2011 сағат 05:22

Ержан Рахметов, депутат. Жидебайдағы Абай мұражайы тозып тұр

2-нші суретте Жидебайдағы Абай кесенесі

ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен кешегі өткен Палатаның жалпы отырысында депутат Ержан Рахметов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовке:

«Менің сауалымның сұрағы - бар қазақтың рухани Меккесі атанған, Елбасымыз «Қазақстың киесі, ары мен намысы, ақылы мен жүрегі» - деп бағалаған, ұлы Абайдың Жидебайдағы мұражайы мен мемориалдық кешенінің жағдайы болып отыр.

1995 жылғы ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойынан кейін күрделі және ағымдағы жөндеулер жүргізілмегендіктен Абай мұражайы мен Абай-Шәкәрім мемориалдық кешені тозып тұр.

Осығай орай Сізден төмендегі мәселелердің шұғыл шешілуіне тікелей ықпал етуіңізді сұраймын:

1. Жидебайдағы Абай мұражайы мен Абай -Шәкәрім мемориалдық кешенін толығымен күрделі жөндеуден өткізу жөнінде.

1) биыл Мәдениет министрлігінен «Қазқайта жаңғырту» мекемесіне бөлінген қаражатқа қандай жұмыс істелді, неше жылға созылатыны туралы мәлімет беруді;

2) күзде Қазақстан Республикасы Парламенті қарауына енгізу жоспарланып отырған «2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасында келесі жұмыстарға қаражат қарастыруды сұраймын:

- Абай мұражайының төбесін ашып, қайта жөндеу, айналасын абаттандыру;

- мұражайдан Абай-Шәкәрім мемориалдық кешеніне баратын 1 км. жолды асфальттау, Абай-Шәкәрім кесенесінің іші - сыртын толықтай күрделі жөндеу;

- мемориалдық кешендегі мешіттің іші-сыртын күрделі жөндеуден өткізу;

- кесенеге кіре берістегі қабырғаларды қалпына келтіру;

- амфитеатрдың бүлінген баспалдақтарын жөндеу;

- кітапханаға арналған бөлмелерді жөндеп, пайдалануға беру.

2. Жидебай аумағында салынған мәдени - тұрмыстық кешен қазіргі уақытта пайдалануға берілмеген. Мемлекеттің қаржысы жұмсалып, халық игілігіне пайдалану үшін салынған ғимараттың жұртшылыққа қызмет істеуін шешуді сұраймын.

Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратып отыр

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5489