Адай деген ел едік
Көптен бері көпшіліктің назарын аударып, елді елеңдетіп отырған Жаңаөзен қаласындағы мұнайшылардың көтерілісі тыншу табар емес. Жұмыс беруші мұнай компаниясының жартымсыз жалақысы жанына батып, ақыры, талаптары орындалмай тоқтамайтындарын айтқан жүздеген жұмысшы табандылықпен тайсалмай күресіп жатыр. Ел ішінде азаматтарға басу айтып сабырға, қанағатқа шақырып жатқандар да, ен байлықтың ортасында отырып тышқақ лаққа жарымай келе жатқан мұнайшы қазақ жұмысшыларына қолдау танытып отырғандар да бар.
Әулие мен әмбиелердің мекені киелі Маңғыстау өңірі қай заманда да әділетсіздікке өре түрегелген өр қазақтың жұрты. Бүгінгісі - мұнайшылардың мұңы. Өткенін - заманалардың зары мен бағын алма кезек көрген халықтың жүрегінен шымырлап шыққан жырдан білерсіз.
«Абай-ақпарат»