Алматы облысының әкімі журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады
ТАЛДЫҚОРҒАН. 25 маусым. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Кеше Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов бұқаралық ақпарат құралдарының 150-ден астам өкілін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Облыс әкімімен кездесуге республикалық, облыстық, аудандық және қалалық газеттердің бас редакторлары және Алматы облысындағы республикалық БАҚ-дың жекеменшік тілшілері шақырылды.
А.Мұсаханов облыс дамуының қорытындысы жайлы айта келе, жергілікті билік жұмысын жариялаудағы журналистердің рөлін баса атап өтті.
Шақырылған журналистердің барлығына 35 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы берілді.