Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2504 0 пікір 26 Маусым, 2011 сағат 08:19

Құрлық әскерлерінің Әскери институтын 39-шы түлектер бітіріп шықты

АСТАНА. 25 маусым. ҚазАқпарат. Бүгін Құрлық әскерлерінің Әскери институтын 39-шы түлектер бітіріп шықты. Бір айлық демалыстан соң жас лейтенанттар Қарулы Күштердің құрамалары мен бөлімдеріна жол тартады,деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Түлектерге дипломдарды салтанатты түрде табыс ету іс-шаралары әскери оқу орнының қабырғасында өтті. Оқу бітірушілер бұл жерден мотоатқыш, танк, автокөлік, әуе десанты, инженерлік қызмет мамандықтарын (барлығы 13 мамандық) игеріп шықты.

Биыл 300-ден астам түлек оқу орнын бітіргені жөнінде диплом алып отыр. Олардың арасында көршілес Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасының да өкілдері бар.

Құрлық әскерлерінің Әскери институты тарихында бұл жерде  әр түрлі мамандық бойынша 12 мыңнан астам офицер дайындалыпты. Олардың дені қазіргі таңда еліміз Қарулы Күштері мен ТМД армияларының сапында абыройлы қызмет атқарып жүр.

Институт ҰҚШҰ-на мүше мемлекеттер Қарулы Күштері үшін әскери мамандарды бірлесіп дайындайтын оқу орындарының тізіміне енгізілген. Оқу орнының көптеген түлектері іргелі әскери бөлімшелер мен ведомстоларды басқарып жүр. Олардың қатарында жоғары әскери атақтар мен мемлекеттік наградалардың иегерлері де бар.

Жыл сайын жас офицерлердің бітіру салтанатында Жауынгерлік тумен қоштасу рәсімі өткізіледі. Биыл бұл мәртебе оқу озаты, «Әскери оқу орнын үздік бітіргені үшін» кеуде белгісінің иегері Алмат Калеевке бұйырып отыр. Оқу үлгерімінің нәтижесі жас мамандарға болашақ қызмет орнын таңдауға мүмкіндік береді. Ендеше, біз олардың дұрыс таңдау жасайтынына сенімдіміз.

- Жас лейтенанттар қандай көңіл-күймен жаңа қызметтерін бастайды екен?

Қуанышпен, әрине, - дейді Алмат. - Ережеге сай әскери қызметшінің баласы курсант болуы заңды құбылыс, ал әкеге қарап офицер болу үлкен мақтаныш. Бұл күнге оқу кезінде барлық ауыртпалықты көтере білгендер ғана жетеді. Міне, лейтенант погонына лайықтылар солар. Қазақстан Республикасына қызмет етемін!

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5450