Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2543 0 пікір 26 Маусым, 2011 сағат 08:21

Алматыда жас әлеуметтанушылардың бірінші форумы өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 25 маусым. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -  Бүгін Алматыдағы Достық үйінде  жас әлеуметтанушылардың бірінші форумы өз жұмысын бастады. Шара ҚР Әлеуметтанушыларының 4-ші конгресі аясында өткізілуде.

Форумға жас әлеуметтанушы ғалымдар, докторанттар, магистранттар мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысуда. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың проректоры, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Шолпан Жаманбаланованың айтуынша, аталған форум Қазақстандағы әлеуметтанудың ара қарай дамуы үшін стратегиялық тұрғыдан маңызды. «Форум жас, жігерлі ғалымдардың басын біріктіретін, кәсіби әлеуметтанушылар мен жас ғалымдар арасында пікір алмасуға лайықталған,  дәстүрлі алаң болады деп ойлаймын»,-деді ол.

Форум аясында  шағын және ірі қалалрдағы жастардың субмәдениеті, Қазақстанда жаңа саяси мәдениетті қалыптастыру жолдары, орта мектептерде діни білім беру, елдегі әйелдердің кәсіпкерлігі, заманауи әлеуметтік білім беру т.б тақырыптары талқылануда.

ҚР Тұңғыш президенті қоры жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің төрайымы, әлеуметтану ғылымдарының докторы Гүлмира Әбдірайымованың айтуынша жастар әрқашан күш, жігермен, шығармашылық белсенділгімен ерекшеленеді, әлем өзгеріп жатқан тұста, елдің ғылыми әлеуетін көтеру «жүгі» ең алдымен осы жас ғалымдарға артылады.

«Ғылым әрқашанда маңызды болған. Қазіргі модернизация кезеңінде ол табысқа жетудің өте маңызды бөлігіне айналады. Жаңа идеялар, мүмкіндіктер мен мазмұн -бұл қазіргі жас ғалымдардан талап етіледі. Бүгінгі кездесудің отандық ғылымдағы жастардың әлеуетін арттыруға серпін береді деп ойлаймын. Біз сіздерден тек ғылыми зерттеулердің қорытындыларын ғана емес, қазақстандық қоғамның экономикалық және әлеуметтік мәселелеріне қатысты да ерекше ұсыныстар күтеміз»,- деді Г.Әбдірайымова.

Форум ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ҚР Мәдениет министрлігінің және Алматы қаласы әкімшілігінің қолдауымен өтуде. Ұйымдастырушы Қазақстан әлеуметтанушылар қауымдастығы.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5449