Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 5885 2 пікір 3 Маусым, 2019 сағат 10:30

Мұхаммед Әлидің шындығы

Әлемге әйгілі боксшы Мұхаммед Әли осыдан тура 3 жыл бұрын 3 маусымда 74 жасында өмірден озған еді. Ол даңқты боксшы ғана емес, ақын да болған екен. Сонысымен де мақтанатын. Өлеңдерінің көбін шаршы алаңға шығар алдында жазған. Жырларында жекпе-жек туралы, қарсыласы жайлы, жеңіске жетуі хақында толғаған. Ол сөйтіп жеңімпаз болуға миын да жаттықтырған. Соның арқасында шығар, 3 дүркін әлем чемпионы атанды. Кезінде Оксфорд университеті поэзия профессоры деген атақ та берген. 1968 жылы бір өлеңін Иосиф Бродский аударғаны белгілі. Мұхаммед Әли өмірде көп қиындық, көп әділетсіздік көрді. Үнсіз қалмады. Уақытында өз шындығын айта білді. Бойына батырлық та, ақындық та дарыған дара тұлға. Мұсылмандығы бөлек әңгіме. Жаны жәннатта болсын! Көпке танымал бір өлеңін аударған едім. Қабыл алыңыздар!

Шындық

Шындықтың жүзі - ашық түр,
Жайнайды көзі шашып нұр.
Біреулер аузын буғанмен,
Басы оның жұрттан асып тұр.

Шындықтың асқақ - кеудесі,
Қарасын тура пендесі.
Жоқ ода күмән, қорқыныш,
Жоқ оның тайлас, теңдесі.

Шындықтың сөзі - өлең-дүр,
Шыңырау-даусы терең кіл.
Заңы бар қарапайым бір:
Не жасасаң да кемел қыл!

Шындықтың жаны - ұлылық,
Жүрегі толған жылылық.
Ақылы - таза, жауын мен
Дауылда қалмас қырылып.

Шындықтың тәні - деректер,
Күнәдан бізді бөлектер.
Қанқұйлы талай соғыста
Жеңіске болған себепкер.

Шындықтың кейпі - әмбие,
Рухы - Құдай, Мәңгі Ие.
Даналық - асатаяқ қой,
Оған да қонған сан кие.

Шындықтың жыры - мәңгілік,
Өмірді сүрер жаңғырып.
Ақырға дейін шыдайды ол,
Өшпес із артқа қалдырып!

Асылбек Жаңбырбайдың facebook парақшасынан

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5547