Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 4848 0 пікір 4 Маусым, 2019 сағат 16:08

Рәміздерді де, Плотинаны да тек алыстан ғана көріп жүрміз...

Бүгін рәміздер күні.

Плотина жанынан рәміздер алаңы салынғанда ол жер бала-шағамызбен, келген қонақтармен барып ар жағындағы Плотинадағы сарқыраған Сырдарияны тамашалайтын боламыз деп қуанғанның бірі мен едім.
Алайда алаңның есігіне қара құлып түсті. Себеп - вандалдар бүлдіріп кетеді екен..

Плотина болса да полиция күзетінде.Көлік түгіл жаяу адам жүргізбейді.
Алаң тек ант беретін орын, оған одан бөлек күндері кірсеңіз әкімшілік жауапкершілікке тартыласыз деген былтыр осы жерде мәдениет бөлімінен жауап та алдық. Бірақ аракідік аэропорттан келе жатқан "қәдірлі" қонақтар суретке түскенін осы жерден көріп жүрміз.

Вандаллан қорғауға ол жерге қарауыл қойса да болады ғой, бірақ бізде одан қара құлып дұрыс болып тұрған сияқты...
Сонымен Рәміздерді де, Плотинаны да тек алыстан ғана көріп кетіп жүрміз..

Қазақстан Республикасы рәміздер күні құтты болсын!

Болат Нұрғожаевтың facebook парақшасынан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5562