Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2907 0 пікір 28 Маусым, 2011 сағат 01:00

БҚО-да жылжымалы медициналық кешен тасқын судан зардап шеккендерге қызмет көрсетуде

ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында жылжымалы медициналық кешен тасқын судан зардап шеккендерге қызмет көрсетуде.

Аталмыш кешен 25 маусым мен 26 шілде аралығында Орал қаласындағы эвақосындарда ғана емес, тасқыннан зардап шеккен Тасқала, Зеленов, Теректі, Шыңғырлау аудандарына да барып, сапалы қызмет көрсетпек. Арнайы бригада құрамында кардиолог, терапевт, стамотолог, уролог, онколог, рентгенолог мамандары бар.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Мәншүк Аймұрзиеваның айтуынша, табиғат апатынан зардап шеккендерге медициналық көмек жан-жақты қарастырылған. Науқастарға ерекше нұсқаулық бойынша дәрі-дәрмек тегін үйлестірілуде. Шұғыл медициналық көмек жолға қойылған. Олар үшін арнайы ашылған медпункт тәулік бойына қызмет қылады. Түрлі жұқпалы аурудың алдын алу бағытында эвақосындағы тұрғындарға сақтық шаралары жазылған парақша таратылып, арнайы дәріс оқылады. Сондай-ақ тасқын судан зардап шегуші тұрғындарға Оралдағы «Талап» АҚ жанынан ашылған және Жаңақала ауданындағы сауықтыру орталықтарына емделуге жолдама берілуде.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383