Жексенбі, 24 Қараша 2024
4051 4 пікір 7 Маусым, 2019 сағат 14:05

Қ. Ысқақов «Атаулы әлеуметтік көмек тұрақты түрде беріледі»

Облыс көлемінде 1 сәуірден бастап бүгінге дейін атаулы әлеуметтік көмекке 40285 отбасы жүгінсе, 19721 отбасынан өтініштер қабылданып, 20564 жанұяға кеңестер берілген,- деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Ал Қызылорда облысы бойынша сәуір айында 16193 отбасындағы 79004 адамға 2,1 млрд теңгеге атаулы әлеуметтік көмек беріліпті.

– Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде «ҚР Президенті сайлауынан кейін атаулы әлеуметтік көмек төлеу тоқтатылады» деген алып қашпа әңгімелер таратылуда. Бұл - жалған ақпарат. Мамыр айында 6755 отбасының өтініші қабылданды. 4332 жанұяға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, оларға 189,4 млн теңге төленді, - деді облыс әкімнің орынбасары Қуанышбек Ысқақов.

Сондай-ақ, ол маусым айы үшін төлемдер жүргізіліп жатқандығын жеткізді.

– Биылғы жылға атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге бюджеттен 9,6 млрд теңге қаражат бөлінді. Қосымша республикалық бюджеттен 5,2 млрд теңгеге сұраныс берілді,- деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.

Сонымен қатар осы жылдың 1 шілдесінен бастап 5529 мүгедек бала тәрбиелеп отырған жәрдемақы алушылардың жәрдемақы мөлшері 31183 теңгеден 40538 теңгеге өсті.

Естеріңізге салайық, ақпан айында "Нұр Отан" партиясының XXVIII съезінде Елбасы мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға қамқоршылар мен отбасыларға жәрдемақыны 30 пайызға көтеруді және 2019 жылдың 5 сәуірінде «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізіліп, қол қойылған болатын.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1492
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3261
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5584