Дүйсенбі, 5 Қазан 2026
Сайлау 4145 2 пікір 9 Маусым, 2019 сағат 19:00

Қазақстан сайлаушыларының 72,9 пайызы дауыс берді

Қазақстан сайлаушыларының 72,9 пайызы дауыс берді. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Бақыт Мелдешов айтты.

- Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, 2019 жылғы 9 мауcым 18:00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 72,9 пайызы сайлау бюллетендерін алды.

Олардың ішінде Ақмола облысы бойынша 81, Ақтөбе облысы бойынша 84,1, Алматы облысы  бойынша 86,3, Атырау облысы бойынша 71,1, Шығыс Қазақстан облысы бойынша 77,2, Жамбыл облысы бойынша 73,8, Батыс Қазақстан облысы бойынша 66,2, Қарағанды облысы бойынша 72,8, Қызылорда облысы бойынша 69,1, Қостанай облысы бойынша 81,1, Маңғыстау облысы бойынша 65,7, Павлодар облысы бойынша 73,1, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 75,7, Түркістан облысы бойынша 78,8, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 63,7, Алматы қаласы бойынша 49,2, Шымкент қаласы бойынша  63,6 пайыз дауыс берді, - деді Бақыт Мелдешов.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 751
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1052