Жексенбі, 24 Қараша 2024
Пікір 4713 13 пікір 10 Маусым, 2019 сағат 18:05

Сарапшылар Тоқаевтың жеңетініне күмәні болмағанын ашық айтты

Белгілі саясаттанушы Айдос Сарым күні кеше ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауының өтуіне байланысты пікірін білдірді.

«Бұл жолғы сайлауда ең басты байқаған ерекшелігіміз - сайлау учаскелерінде бақылаушылар қалың отырған жерде, табандылық көрсеткен кезде ешқандай шеттен шыққан заң бұзу немесе процедураларды бұзу болған жоқ. Оны байқап отырдық. Екіншіден, шынын айту керек, біздегі саяси мәдениет пен дәстүрдің аздығы, саяси науқандардың біраз уақытқа кешеуілдеп қалғаны - біраз саясатқа қатысы бар азаматтардың саяси дағдысы мен практикаларын төмендеткені аңғарылады», - деді Айдос Сарым елордада тілшілерге берген сұхбатында.

Саясаттанушы өз сөзінде байқаушылардың да әртүрлі болғанын, бірі белсенділік танытса, өзгелері жұмысына салғырт қарағандары да болғанын айтып өтті.

«Басты мәселе - біздегі интернет пен Фейсбуктің ықпалы бар. Кейбір жағдайда бір ғана, болған 10-20 сюжет қайта-қайта қайталанып, «мынау сұмдық екен» дегендей үлкен ықпал жасап отырды. Ең бастысы, қай мәселені айтсақ та - нақты дәлел мен нақты учаскесі болуы керек», - деді Айдос Сарым.

Саясаттанушы өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеңетініне күмәні болмағанын ашық айтты.

«Бір жағынан заңды. Бірақ, екінші мәселе бар - бұл сайлаудың Қазақстан қоғамының мойындауы, екіншіден - әлемдік қауымдастықтың мойындауы. Осы екі мәселе тоғысатын болса, болашақта үлкен саяси науқандарға жол ашылады. Қоғамның өзгергенін айқын, анық көрдік. Қоғам өзгерді. Қоғамның бүгінгі динамикасы бөлек. Қоғамның дауыс беруі, кейбір учаскелерде Әміржан Қосановтың басымдықпен жеңіске жеткені де көп нәрсені аңғартады. Қоғам бұл жолы тек Әміржан Қосановқа дауыс берген жоқ - өзгерістер үшін дауыс берді. Қоғамға жаңалық керек. Қоғам билікке «естіңіздер, тыңдаңыздар» деген ишарат жасаған секілді», - деді ол.

Айдос Сарым қоғамның осы сұрауын қанағаттандыру - биліктің басты міндетінің бірі екенін жеткізді.

«Менің ойымша, кешелі бері айтылып жатқандай, Тоқаевтың өзі де қоғамға нақты сигнал беріп жатқан сияқты. Біз оппозицияны, өзге ұстанымда жүрген азаматтарды диалогқа шақырамыз, бізге өзгеріс пен эволюциялық даму керек деген әңгімені айтып жатыр. Меніңше, сөзінде тұрып, осы мақсаттарға жету үшін қоғаммен бірігіп, заңнаманы өзгерту, әсіресе сайлау мен баспасөз, партиялар туралы заңдарды өзгерту - бірінші кезекте жасалатын шаруалар. Бұдан кейін Қазақстан ұзақ мерзімді сайлау науқандарының кезегіне ілінейін деп отыр. Алда Мәжіліс пен Сенат сайлауы бар. Бүкіл Қазақстан бойынша жаңа тәртіппен өтетін мәслихат сайлаулары бар. Оның барлығы бұрынғыға қарағанда жақсы дәрежеде өтуі керек», - деді саясаттанушы.

Еске сала кетсек, Еxit poll нәтижесі бойынша 9 маусымда өткен ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы барысында сайлаушылардың 70,13 проценті кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берген еді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588