Жексенбі, 24 Қараша 2024
2897 0 пікір 15 Маусым, 2019 сағат 12:19

Қызылордалық 20 дәрігер біліктілігін арттыру үшін Оңтүстік Кореяға аттанады

Елімізде бюджеттік сала қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін барлық жағдай жасалған. Мәселен, енді Сыр өңірінің ақ халатты абзал жандары жергілікті басшылықтың қолдауымен әлемнің озық клиникаларында біліктілігін арттырамақ.

Нақтырақ айтсақ, Қызылордалық неонатолог және онкологтар Оңтүстік Кореяда біліктіліктерін арттырмақ. Бұл сапардың мақсаты -  отандық медицинаға үздік технология мен инновациялық емдеу тәсілдерін енгізу.

Айта кетейік, соңғы екі жыл ішінде Қызылорда өңірінде 24 маман шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасқан. Соның нәтижесінде, көмей ісігі диагнозы қойылған 68 жастағы Тынымбай Мәдиев химиотерапияның 6 курсын қабылдап, бүгінде жағдайы жақсара түскен.

«Жалпы палатада жататынбыз. Қазір «бокс» деген палата ашылып жақсы болды. Жаңадан препараттар пайдаланып жатыр. Демалатын бұрыштар жасап қойған, еркін демаламыз. Емдейтін қыздар өте жақсы. Иммунитетіміз төмен еді, жоғарылады. Жаңа технология пайдаланып жатыр. Ризамыз», - дейді науқастың жұбайы Күлпәш Әбілқасымова.

Жоғары дозалы химиотерапияны оңтайлы тәсілмен жүргізуді онкологиялық орталық мамандары оңтүстіккореялық дәрігерлерден үйреніп келген. Виктория Юн шетелдік клиникада білімін жетілдіріп, қазір ем-дом барысында қолданып жүр. Биыл тағы 20 медицина қызметкері Оңтүстік Кореяға аттанады.

Соның бірі – Әсет Жалмағанбетов. Жас хирург бариатриялық хирургия төңірегінде тереңдетілген курстан өтеді.

 «Қызылорда облысында әлі жасалмайды, бариатриялық хирургия деген әдіс бар. Асқазанның, семіздік және қант диабетін емдеу әдісі болып келеді. Бұл Қазақстанның кейбір қалаларында жасалады. Кореяда жасалып жатқан оперативті емдеу әдісі. Сол біз баратын оқу орнында осы оперативті әдіспен жасайды. Сол тәсілді меңгеріп, осы жаққа енгізсек дейміз», - дейді хирург Әсет Жалмағанбетов.

Сыр өңірінің ақ халатты мамандарын оқыту жобасы облыстық бюджеттен қаржыландырылады.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3268
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5641