Жексенбі, 24 Қараша 2024
3136 0 пікір 18 Маусым, 2019 сағат 15:25

Алматыда Орта Азияда алғаш рет скандинавиялық жүрістен жарыс өтті

Алматыда «Almaty Nordic Walking Fest 2019» атауымен скандинавиялық жүріс бойынша алғашқы фестиваль өз мәресіне жетті. Шараның басты ұйымдастырушысы - қысқы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елена Хрусталеваның олимпиадалық қоры.

Орта Азия елдері бойынша алғаш рет ұйымдастырылған жарысқа 200-ден астам адам қатысқан. Қазақстандықтардан бөлек, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен де қатысушылар келген. Жарыстың ең жас қатысушы – 14 жаста.

«Бұл шараның мақсаты – қарапайым адамдар арасында бұқаралық спортты дамыту. Салауатты өмір салтына жетелейтін скандинавиялық жүру әдісі жас талғамайды. Бізде велосипед тебуге, жүгіруге жағдайлар жасалған. Бірақ кейбір адамдардың оған денсаулығы жарамауы мүмкін. Ал скандинавиялық жүру әдісімен кез-келген адам айналыса алады», - дейді Елена Хрусталева атындағы олимпиадалық қор директоры, Олимпиада жүлдегері Елена Хрусталева.

Алдағы уақытта фестиваль жыл сайын тұрақты түрде өткізілетін болады. Сондай-ақ фестиваль аясы кеңейіп, Алматыдан бөлек, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, көршілес Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттерін де өткізу жоспарланған.

Айта кетсек, скандинавиялық жүріс спорты Батыс Еуропада, Скандинавия түбегінде өте танымал. Спорттың бұл түрін Қазақстанға алғаш рет 2014 жылы ресейлік жаттықтырушы Максим Прощенко алып келген. Ол Орталық Азияда алғаш рет скандинавиялық жүріске бағытталған кәсіби «Евразия» мектебін ашқан.

Бүгінде еліміз бойынша арнайы дайындайтын 120-дан астам кәсіби маман жұмыс істейді. Аталмыш мектептің Алматы, Нұр-Сұлтан, Өскемен, Павлодар, Қызылорда, Риддер, Семей, Бішкек пен Ташкент қалаларында арнайы филиалдары қызмет етеді.

Скандинавиялық жүріс – дене пішінін, хал-ахуалды және көңіл-күйді жақсарту, сонымен қатар салмақты бақылаудың қарапайым, қолжетімді және өте тиімді тәсілі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5618