Сейсенбі, 22 Қазан 2019
1638 3 пікір 19 Маусым, 2019 сағат 13:13

АҚШ Украинаға 250 млн долларға әскери көмек жібереді

АҚШ қорғаныс министрлігі Украинаға 250 млн долларға әскери көмек жіберетінін мәлімдеді. Бұл жөнінде Пентагон сайтында хабарланған.

Украинаға тек ғана ұшатын қарулар емес, снайперлік винтовкалар мен зенитті гранаталар және қосымша жүйелер жеткізіледі. Құрал-жабдық негізінен Украинаның әскери-теңіз күшіне және арнайы тағайындалған армияға жеткізіледі деп жазылған сайтта.

Пентагонның мәлімдеуінше, әскери көмек АҚШ пес Украина арасындағы қауіпсіздікті күшейту келісімі бойынша жүзеге асады.

Өз кезегінде Украинаның Вашингтондағы елшілігі Америкаға жіберілетін көмек үшін алғысын жеткізді.

2014 жылдан бері АҚШ Украинаға 1,5 млрд долларға әскери көмек берген​.

Abai.kz

3 пікір