Жексенбі, 24 Қараша 2024
3532 1 пікір 21 Маусым, 2019 сағат 13:04

Нұр-Сұлтан қаласында "Astana Finance Days" шарасы өтеді

2019 жылдың 1-4 шілде аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Astana Finance Days шарасы өтеді. Халықаралық қаржы орталықтарының, бизнес өкілдері мен ғылыми топтардың басын біріктірген айтулы шараға экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады деп жоспарлануда.  

Сонымен қатар, Астана халықаралық қаржы орталығында тіркелген компания өкілдері мен қаржы орталығы органдарының кеңес мүшелері де қатыспақ.

Онда негізінен исламдық қаржыландыру, қаржылық технологиялар, адам капиталы, құқықтық реттеу сынды тақырыптар талқыланбақ. Соның негізінде конференция, семинарлар өткізу жоспарланып отыр.

Былтыр бұл шараға 73 елден 7000 ға жуық қатысушы тіркелген. 11 елмен екі жақты құжатқа қол қойылып, 22 B2B кездесу өткізілген.

Айта кетейік, Астана қаржы орталығы – әлем инвесторлары үшін есігін айқара ашқан халықаралық орталық. Ол Орталық Азия мен ТМД мемлекеттерінің кеңістігінде алғаш құрылған. Аталған орталықтың қаржылық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті Ислам қаржылық қызметі жөніндегі кеңесінің мүшелігіне өтті. Бұл мүшелік – Астана халықаралық қаржы орталығының Еуразиядағы ислам қаржы орталығына айналуының бастамасы деп бағалауға болады. Сондай-ақ, бұл қадам Исламдық қаржы индустриясын дамытуға тікелей жол ашады дейді мамандар.

Сонымен қатар аталған қаржы орталығы жұмысының кең қанат жаюына «ашық аспан» халықаралық жобасының қосар үлесі зор. Осы жобаның негізінде Нұр-Сұлтан қаласы қаржы орталығына мүше елдермен тікелей әуе қатынасын қалыптастыруға бет алды.

Сондай-ақ, Ел Үкіметі бекіткен арнайы жол картасына сәйкес, әлемнің бірқатар ірі қаржылық орталықтары орналасқан қалалармен тікелей және тұрақты әуе бағыттары ашылмақ. Ал, осы жылдың жылдың 1 қаңтарынан бастап бірқатар дамыған елдердің азаматтары біздің елімізге 30 күн мерзімге визасыз келуге рұқсат берілген. Қаржы орталығында еңбек ететін шетелдік азаматтарға 5 жыл мерзімге ұзақ мерзімді виза беріледі.

Сыртқы істер министрлігімен бірлесе отырып «Астана» халықаралық қаржы орталығында «Бір терезе» қағидатымен жұмыс істеу енгізілген. Және Нұр-Сұлтан қаласындағы халықаралық қаржы орталығының қатысушыларына бірқатар салықтық жеңілдіктер де жасалмақ.

 

(Суреттер АХҚО-ның баспасөз қызметінен алынды)

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5583