Жексенбі, 24 Қараша 2024
Анық-қанығы 6206 13 пікір 24 Маусым, 2019 сағат 16:54

Таудағы тауешкілер неге төлдемейді?

Елімізде әлі күнге дейін Кеңес үкіметінің тәрбиесінен өткен азаматтар ел басқарып отыр. Санасы тәуелсіз, құлдық сананы сезінбей өскен жастар шоғыры қалыптасса да, олардың қолында не экономикада, не руханиятта, не саясатта шешуші рөл жоқ. Жаңаша бастамалар әл әзірге әріге аспай жатыр.

Отаншыл, ұлтшыл жастар әлі күнге бүгінгі Қазақстан қоғамында артта қалушылардың деңгейінен аспай отыр. Ұлтшыл болсаң елді артқа тартады тар түсінік біздің қоғамда жақсы орныққан. Бұл әрине өкінішті түсінік. Жүрегі отанына берілген ұлтшыл жастар, өзге ұлт, мәдениет өкілдеріне адамның баласы деп қарайтынын да түсінгісі келмейді.

Хакім Абай "ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың, елден бөлек боласың" деген жоқ па? Біздің қоғамға қарап тұрсақ жүрексіздер қаптап бара жатыр. Хәл мен тіл мүшкіл. Ел басшыларының ұстанымдарынан халық еш мотивация алмайды. Бар идеалымыз бен идеологиямызды да көрсете алмай отырмыз. Зайырлылық деп дініміздің құндылықтарын пайдалана алмаймыз. Ал адамның жаны нұрдан жаратылғанын, рухы сөздерден ғана күш-қуат алатынын түсіне алмаймыз. Қазақтың дәстүрі мен дінін байланыстыра, кәсіп пен руханиятты қатар ұстанған, сол ұстанымын көрсете білетін жастарды көкірегінен кері итеру басым.

Жастар қарны ашқаннан емес, қадірі қашқаннан да көңілі түсіп жатыр.

Қысқасы, тәуелсіз санада тәрбиеленген жастарға елдің билігін тездетіп өткізіп бермесе, еліміздің экономикасы мен руханиятында, саясатында алға ілгерушілік болмайтын шығар.

Таудағы ешкілердің көбеймеген оқиғасын айтып берейін:

"Бір өлкеде тауешкілердің өсімі күрт төмендеп кетіпті дейді. Неше жерден қызыл кітапқа енгізіп, аулауға заңмен тиым салып, қорыса да азая беріпті. Осы сәтте ауылдың бір аңшысы әй-шәйға қарамай бірнеше таутекені жайратып салыпты. Табиғат қорғаушылар әлгі брокеннерді ұстайды, құқық қорғаушылар соттайды. Алайда, содан кейін-ақ тауешкілердің төлдеуі жиілеп, саны қаулап өсе бастапты. Сөйтсе, әлгілердің арасындағы санаулы ғана кәрі таутекелер табындағы күллі кәрі-жас ешкі, шыбыштарды қызғыштай қорып, жас текелерді мүйіздеп маңына жолатпайды екен. Не өздері тұқым бере алмайды, ал, іштендіруге қабілетті жас текелерге жол бермейді. Осылайша, аңның өсімін тежеп отырған. Мұның сырын жақсы білетін аңшы әлгі кәрі текелердің көзін құртқан соң жас текелер олардың орнын басып, өсім көбейген".

Саясаттың да, табиғаттың бұлжымайтын заңдылықтары бар деген осы.
Жаңаша ой жастардан ғана шығар!

Жарас Ахан, тарихшы

Abai.kz

 

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5578