Жексенбі, 24 Қараша 2024
4279 0 пікір 25 Маусым, 2019 сағат 10:26

Кітап палатасы «Smart qalamger» жобасын таныстырады

Маусым айының 28-і күні, сағат 15.00-де  Нұр-Сұлтан қаласы, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы «Smart qalamger» жобасымен таныстырады. Жоба ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің қолдауымен жүзеге асқалы отыр.

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова жаңа жобаның тұсауын кеседі  деп күтілуде. Сонымен қатар, жобаның  таныстырылымына Мырзатай Жолдасбеков, Төлен Әбдік, Әнес Сарай, Несіпбек Айтұлы, Тұрсын Жұртбай, Дихан Қамзабекұлы,Оңайгүл Тұржан,  Қуаныш Жиенбай сынды қаламгерлер бастаған өз жеке веб-сайтына ие болған 100-ден астам жазушы  қатысады. Тұсаукесер рәсімін белгілі ақын Қалқаман Сарин жүргізеді.

Бұдан былай қолына қалам ұстаған әрбір қаламгер өзінің жеке веб-сайтын тегін аша алады. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын бұл жоба «Ақпараттық-технологиялық орталығы» қоғамдық қорымен бірлесіп қолға алынып отыр. Жобаның мақсаты:

  • Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі болып табылатын әрбір қаламгерлердің тегін веб-сайттарын жасап беру және оларға техникалық қолдау көрсету;
  • Қазақстандық қаламгерлердің шығармаларын бір жерге жинақтап, олардың біртекті электронды базасын құру;
  • ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасының баспасөз мұрағатын пайдалана отырып, қаламгерлердің толық библиографиялық анықтамалығын жасау;
  • Олардың оқырманмен, шет елдік жазушылармен байланысын дамыту.

Тұсаукесер рәсімінде ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасының директоры Әділ Қойтанов  жазушыларға арнап жасалған веб-сайттармен елордалық қауымды таныстырып, әрі қарай жүргізу үшін сайт иелеріне тапсырады.

Жаһандану дәуірінде еліміз бәсекеге қабілетті, дамыған елдер қатарында болуы үшін «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының маңызы зор екені баршаға мәлім. Жазушыларға жаңа заманның, уақыттың талабына сай болуға мүмкіндік беретін «Smart qalamger» жобасы бүкіл республикадағы жазушылар тарапынан үлкен қолдауға ие болып отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5552