Жексенбі, 24 Қараша 2024
4147 1 пікір 25 Маусым, 2019 сағат 13:11

«Арыс, біз біргеміз» – Қызылорда

Бүгінгі күнге дейін Түркістан облысы, Арыс қаласының әскери бөлімінде орын алған төтенше оқиғаға байланысты Қызылорда облысы тарапынан арнайы автокеруен жасақталып, 14,5 тонна күріш, 10 тонна ұн, 5 тонна қарақұмық (гречка), 1,5 тн сүт жіберілді. Бұл азық-түлік өнімдері әлі де толыға түседі.

Облыс бойынша жергілікті атқарушы органдардағы 2083 мемлекеттік қызметші 1 күндік жалақысын аударуға ниет білдіруде. Бұдан бөлек, зардап шеккендерге азаматтық қоғам институт өкілдері, кәсіпкерлер және жеке азаматтар да өз еріктерімен қолдау көрсетуде.

Темір жол станцияларында оқиғаға орай кідірген 5 жолаушы пойызындағы 1200 жолаушыға ыстық тамақ пен салқын сулар тегін таратылды және 15 жолаушыға медициналық көмек көрсетілді. Екі жолаушы пойызы («Мәскеу-Бішкек», «Атырау-Алматы») «Сексеуіл» станциясы арқылы Жезқазған бағытымен Алматы, Бішкек қалаларына сапарын жалғастырды. Жолаушылар пойызының бағыты өзгеруіне байланысты «Сексеуіл» станциясынан Қызылорда, Түркістан облыстарына баратын 500 жолаушыға межеленген жерлеріне жетуі үшін арнайы 14 вагондық станцияаралық пойыз бен 6 автобус қызмет көрсетті.

Шиелі станциясынан 82 жолаушыны Алматы қаласына автобуспен, 22 азаматты Луговой, Тараз және Шымкент қалаларына шағын көліктермен жөнелту ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, Түркістан облысына, Шымкент қаласы аралықтағы жолаушыларды тасымалдау үшін 5 үлкен сиымдылықты автобус жіберілді.
Облыс әкімі жанынан жедел штаб құрылып, (облыс әкімінің орынбасары-М.Имандосов) кез келген уақытта түрлі көмек көрсетуге дайын тұр.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5563