Жексенбі, 24 Қараша 2024
3918 0 пікір 25 Маусым, 2019 сағат 17:05

Ішкі істер министрі Арысқа кіру қауіпті екенін айтты

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Үкімет отырысында Арыс қаласының толығымен қоршауға алынғанын, адамдардың өміріне нақты қауіп төнгендіктен ол жаққа ешкімді кіргізбей жатқандарын айтты.

Министрдің айтуынша, қала көшелерінде оқ-дәрі қоймаларынан ұшып кеткен, жарылмаған снарядтар жатқанын түсіндірді. Қала осыған байланысты қоршауға алынған.

"Қалада тонау фактілері болмас үшін 75 автокөліктік және жаяу патрульдер жұмыс істеп жатыр", - деді Тұрғымбаев.

Сондай-ақ, министр бүгін саперлер жұмысқа кіріскенін алға тартты.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалған. Алайда, Төтенше жағдайдың себептері туралы айту ерте, себебі қоймалар әлі түгел қаралмаған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5552