Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
4468 0 пікір 28 Маусым, 2019 сағат 11:03

Мемлекет басшысы Бақыт Сұлтановты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановты қабылдады.

Мемлекет басшысына жаңадан құрылған министрліктің жүргізіп жатқан жұмыстары, штат құрамының жасақталуы және тиісті нормативтік-құқықтық база дайындау жөнінде мәлімет берілді.

Қазақстан Президенті министрге бірқатар міндет жүктеді.

– Ұлттық мүдделерді қорғау үшін орталық және жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруге және Еуразиялық экономикалық одақ, ҚХР және Орталық Азия нарықтарындағы тауарларымызды ілгерілетуге күш салу қажет. Экспортқа шығарушыларды қолдау үшін оларға көрсетілетін қызмет түрлерін «бір терезе» қағидаты бойынша жұмылдыру керек. Ішкі нарықты қорғау және оны сапалы әрі қолжетімді тауарлармен толтыру мәселелері халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайымен және ел экономикасының дамуына тікелей байланысты. Сондықтан, заманауи форматтағы нарықты дамыту және ақшасыз төлем механизмін кеңейту мәселелері бойынша жергілікті атқару органдарымен өзара іс-қимылдар жүргізу маңызды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1167
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2691
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 809
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 781