Жексенбі, 24 Қараша 2024
3810 0 пікір 28 Маусым, 2019 сағат 11:10

Шөкеев: Арыс тұрғындары үйлеріне оралады

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жарылыс болып, тұрғындары жаппай көшірілген Арыс қаласы ертең, 28 маусым күні ашылатынын хабарлады.

- Премьер-министрмен, қорғаныс министрімен сөйлестім. Таңғы сағат сегізден бастап қала ашылады. Ертең (28 маусым) таңертеңгі 6.00-ден бастап "Ақмешіттің" алдына автобустар келе бастайды, - дейді Шөкеев.

Шөкеев Арыстың ашылатынын Шымкентке көшірілген қала тұрғындарының наразылығы күшейген тұста хабарлап отыр. Бұған дейін, 25 маусымда Қазақстанның ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин "Арнаулы комиссия құрылады. Азаматтар қалаға қауіп сейілгеніне қарай қайтады" деген.

"Арыста ешқандай радиация жоқ. Сіздерге үй салып [Арыстан] береді. Сосын оны сатасыздар ма, жоқ па, өздеріңіз шешесіз", - деп мәлімдеді Шөкеев.

Бүгін, 27 маусымда жарылыс болған күні Шымкентке бас сауғалап келген жүздеген Арыс тұрғыны "Ақмешіт" мешіті алдындағы Темірлан көшесін жапқан. Наразылар "өздерін төрт рет жарылыс болған Арыс қаласынан басқа жаққа көшіруді, Түркістан, Шымкенттен үй не жер беруді" деп талап етті. Таңертең 11.00 шамасында басталған наразылық шеруге ұласып, арыстықтардың бір бөлігі Шымкент орталығына жетті.

24 маусым күні таңертең Арыстағы әскери оқ-дәрі қоймасында алдымен өрт шығып, кейін жарылыстар болған. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, жарылыстан үш адам мерт болып, 160-тан астам адам зардап шеккен.

Қазақстан үкіметінің хабарлауынша, жарылыс болған күні 39 мың адам өз күшімен қаланы тастап шыққан, 3500 адам Түркістан облысы әкімдігі ұсынған автобустармен Шымкентке жеткен.

Шымкенттен 97 шақырым жерде жатқан Арыс қаласында 45 мыңға жуық адам тұрады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5550