Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4865 0 пікір 4 Шілде, 2011 сағат 03:14

Еркебұлан Әлімханұлы. Экономикалық отарлау

ХХ ғасырдың ортасына дейін қуатты елдер әлсіз елдерді әскери күшпен басып алып, оған өз үстемдігін орнатып келді. Алайда, бұл саясат біртіндеп тиімсіз бола бастады, өйткені жаулап алынған елдің халқы отарлық езгіге қарсы ұдайы көтеріліске шығып отырды, бағынбаудың неше түрлі амалдарын қолдана бастады. Сондықтан ХХ ғасырдың ортасынан бастап империялар ыдырап, мемлекеттер тәуелсіздік ала бастады. Бірақ мұның аты ғана тәуелсіздік екен, заты сол тәуелді қалпын сақтап қалыпты. Тек қана бұл жолғы отарлау басқаша тәсіл алды, бейнесін өзгертіп, бетіне бет перде жамылып алды немесе отарлаудың бес түрі: саяси, экономикалық, территориялық, ақпараттық, мәдени отарлаудың ішіндегі ең бір сұрқиясы экономикалық отарлау алға шықты. Яғни, олар отарлық қамытты мойынға ілудің жаңа әрі оңайырақ әрі арзанырақ жолын тапты. Бұл алпауыт компаниялар мен ірі банктердің отарлауы болды. Тәуелсіздікті жаңадан алған, аяғын әлі тіктеп баса да алмайтын елге кешегі қожайынының немесе басқа бір отарлаушы елдің компаниясы еліңе инвестиция саламын деп келді немесе керісінше экономикасы тұралап жатқан мемлекеттің өзі шақыртты ол компанияларды, олардан инвестиция алғысы келмесе экономиканы аяққа тұрғызу үшін ірі банктерден несие алды. Осылайша, экономикаға ауыз салған олар қанауды бұрынғыдан да арттыра түсті.

ХХ ғасырдың ортасына дейін қуатты елдер әлсіз елдерді әскери күшпен басып алып, оған өз үстемдігін орнатып келді. Алайда, бұл саясат біртіндеп тиімсіз бола бастады, өйткені жаулап алынған елдің халқы отарлық езгіге қарсы ұдайы көтеріліске шығып отырды, бағынбаудың неше түрлі амалдарын қолдана бастады. Сондықтан ХХ ғасырдың ортасынан бастап империялар ыдырап, мемлекеттер тәуелсіздік ала бастады. Бірақ мұның аты ғана тәуелсіздік екен, заты сол тәуелді қалпын сақтап қалыпты. Тек қана бұл жолғы отарлау басқаша тәсіл алды, бейнесін өзгертіп, бетіне бет перде жамылып алды немесе отарлаудың бес түрі: саяси, экономикалық, территориялық, ақпараттық, мәдени отарлаудың ішіндегі ең бір сұрқиясы экономикалық отарлау алға шықты. Яғни, олар отарлық қамытты мойынға ілудің жаңа әрі оңайырақ әрі арзанырақ жолын тапты. Бұл алпауыт компаниялар мен ірі банктердің отарлауы болды. Тәуелсіздікті жаңадан алған, аяғын әлі тіктеп баса да алмайтын елге кешегі қожайынының немесе басқа бір отарлаушы елдің компаниясы еліңе инвестиция саламын деп келді немесе керісінше экономикасы тұралап жатқан мемлекеттің өзі шақыртты ол компанияларды, олардан инвестиция алғысы келмесе экономиканы аяққа тұрғызу үшін ірі банктерден несие алды. Осылайша, экономикаға ауыз салған олар қанауды бұрынғыдан да арттыра түсті. Салған әрбір сомынан бес он есеге дейін пайда алды, сөйтіп келген елінің экономикасының басым бөлігін ұстаған шетелдік компаниялар бейресми түрде сол елдің қожайыны саналды. Осының арқасында кешегі метрополиялар бұрынғы отарларына ықпалын сақтап қалды.

Бұл жоспарлардың барлығы державалардың ғалымдарының теориялары негізінде жүзеге асып келеді. Осы ғалымдар жасаған либералистік және реалистік теориялар державалардың отарлық саясатына негіз болды. Экономиканы барынша еркіндікке жіберуіміз керек, мемлекет оған араласпауы тиіс, мемлекеттің қолындағы мүліктер жекеге өтуі тиіс деген либералистер мақсаттарына жетуге қажетті күші болмаған жағдайда басқа әдістер іздеу қажет деген реалистік теориялар экономикалық отарлау саясатына жол ашып берді. Отарлаудың жаңа түрін қазіргі таңда Еуро Одақта қалыптасып отырған жағдайға үңілгенімізде анығырақ көреміз.

Орталық және Шығыс Еуропаға өз экономикалық үстемдігін орнатқан Германия Гитлер жүзеге асыра алмай кеткен Еуропаға үстемдік саясатын жүзеге асырып жатыр. Франция да қолынан келгенінше қарпып қалуға тырысуда. Қазіргі таңда өзекті пікірталас ошағына айналып отырған Грекияның экономикасына да аталған мемлекеттер ауыз салды. Терең дағдарысқа кірген, сыртқы қарызы 500 миллиард доллардан асып түскен Гректерге Франция мен Германия несие бөліп отыр. Грекия «жеңілдетілген» пайызы төмен несиені алуы үшін аталған елдер өз талаптарын қойды. Ол талаптарды орындауға кіріскен Грекия үкіметі бірнеше маңызды реформаларды жасауға мәжбүр болуда. Бұл реформалардың арасында осыған дейін мемлекет қолында болып келген акциялар мен компанияларды жекеге сату да бар. Жалпы құны 50 миллиард еуро болатын мемлекет мүлкі 2015 жылға дейін жекешелендіріледі деп күтілуде. Жекешелендіруге жататын мүліктердің арасында мемлекет үшін маңызды әуежайлар, тасжолдар, порттар тіпті кейбір шағын аралдар да бар. Бәрінен де осы маңызды объектілердің өзіндік құнынан 5-10 есе төмен бағаға бағалануы Гректерді ашындырып отыр. Экономикасы дағдарыстағы елдің кәсіпкерлерінің бұл акцияларды алуға қаржысы жетпейтіні анық. Ендеше, аталған акциялардың басым бөлігі шетелдіктердің, оның ішінде Франция мен Германияның ірі буржуазияларының немесе трансұлттық компаниялардың қолына өтетіні белгілі. Қазірдің өзінде шетелдік кәсіпкерлердің екі көзі Грекияда. Осылайша, негізінен жоғарыда аталған елдердің компаниялары Грекияны да уыстарына түсіреді, одан басқа дағдарыста отырған Ирландия, Испания, Португалия сияқты елдер тағы бар. Бірақ соңғы үш ел әзірге қарыз алмай өз күшімен дағдарысты еңсеруге тырысып отыр. Бұл саясаттың қаншалықты нәтиже беретінін алдағы уақытта көретін боламыз.

Германия мен Францияның қарапайым халқы да өз үкіметтерінің Грекияға «көмектесу» саясатына наразы. Өйткені кәсіпкерлер мен қалталыларға болмаса жай халыққа бұл саясаттың берер пайдасы жоқ. Сондықтан халық ол қаржыны өз елімізге жұмсауымыз керек деп түсінеді.

Әрине, Германия мен Франция тек қана Грекия мемлекетінің қолындағы акцияларды алу үшін несие беріп отыр деуден аулақпыз. Өйткені егер Грекия дағдарыстан шыға алмаса Еуропаның басқа елдеріне де дағдарыс әсер ететін болады, Грекияның осыған дейін алған қарызын қайтара алмауына байланысты Еуропаның орталық банктері де банкротқа ұшырауы мүмкін. Грекияның экономикасы дағдарыста болса, Франция мен Германияның кәсіпорындары тауар өткізу нарығынан айырылатын болады. Мұндай гипотезалар күнделікті айтылып жүргендіктен, бұл даулы мәселені басқа қырынан қарауға тырыстық.

Бірақ ірі трансұлттық компаниялардың немесе державалардың қуатты фирмалары мен банктерінің әлсіз елдерге инвестиция сала отырып, оларға қарыз беріп, сөйтіп, экономикасына егелік ету арқылы ел басшылығына өзіне ыңғайлы тұлғаларды өткізіп, сол елдің саясатына араласып отырғаны жасырын емес. Ал Грекия мұның айқын көрінісі және бізге үлгі һәм сабақ болуы тиіс.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379