Жұма, 22 Қараша 2024
3552 2 пікір 2 Шілде, 2019 сағат 10:21

CСЕР басшысы кешірім сұрап, жанжал шығаруға себеп болған фото авторын жұмыстан шығарғанын айтты

Consolidated Contracting Engineering & Procurement S.A.L. Offshore (CСЕР) компаниясының бас директоры Кауаш Хишам видеоүндеу жасап, Теңіздегі болған жағдайға байланысты қазақстандықтардан кешірім сұрады.

29 маусымда Атырау облысындағы вахталық ауылда CСЕР жұмысшыларының қатысуымен жаппай тәртіпсіздік орын алды. Оған кемінде 15 мың жұмысшы қатысқан. CСЕР кенішті өңдеп, мұнай өндіретін зауыт салып жатқан "Теңізшевройл" мұнай компаниясының мердігері.

CСЕР басшысының халықтан кешірім сұраған видеоүндеуі Instagram-дағы zello_atyrau парақшасында жарық көрді.

"Қолымды жүрегіме қойып, компания қазақ бауырларға үлкен құрметпен қарайтынын айтқым келеді. Болған жағдайға байланысты тағы да кешірім сұраймын", – дейді топ-менеджер.

Атырау облысы әкімдігі басында жанжалға WhatsApp мессенджерінде тараған сурет түрткі болғанын айтқан. Суретте компанияда жұмыс істейтін Ливия азаматы қолына рация ұстап, оның ұшын жанында тұрған жергілікті жұмысшы қызға бағыттап тұрған. Жергілікті жұмысшылар "сурет - қыздың ар-намысын таптау" деп есептеген.

Кейін Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев "Теңізшевройл" компаниясы жетекшілерімен өткен жиналыста "жергілікті және шетелдік жұмысшыларға жасалған жағдай әртүрлі болғандықтан жанжал шыққан. Бұл мәселені ТШО басшылығы жүйелі түрде шешуі тиіс" деген.

ТШО дерегінше, оқиға кезінде шамамен 40 адам "аздап жарақаттанған".

Теңіз кеніші Құлсарыдан - 120 шақырым, Атыраудан 340 шақырым жерде орналасқан.

"Теңізшевройл" мұнай өңдеу концерніне Chevron, ExxonMobil Kazakhstan Ventures Inc, қазақстандық "ҚазМұнайГаз" және LUKArco компаниясы кіреді. "Теңізшевройл" Қазақстанда 1993 жылдан бері істейді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322