Сенбі, 19 Қыркүйек 2026
3543 2 пікір 3 Шілде, 2019 сағат 11:37

Мемлекет басшысы Ислам даму банкі тобының президентімен кездесті

Мемлекет басшысы Ислам даму банкі тобының президенті Бандар Хаджармен кездесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам даму банкі тобының «Астана» халықаралық қаржы орталығын Басқару жөніндегі кеңестің отырысына қатысуы және Бандар Хаджардың Кеңес мүшесі лауазымына тағайындалуы Қазақстандағы исламдық қаржылық қызметті дамытуға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

– Қазақстанның Тұңғыш Президенті мен Үкіметі исламдық қаржыландыруды дамытуға зор көңіл бөліп отыр. Бізде ислам банкі мен қаржы мекемелерінің қызметі үшін барлық жағдай жасалған. Осы бағыттың табысты болатынына сенімдімін, – деді Мемлекет басшысы.

Кездесу барысында тараптар «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысына Ислам даму банкінің қатысу мәселесі, соның ішінде басқа да исламдық қаржы институттарын тарту, «Астана» халықаралық қаржы орталығының базасында ИДБ құрылымдарын орналастыру, осы орталықтың биржасында ислам облигацияларын шығару жөнінде пікір алмасты.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1325
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2901
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 982
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 914