Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2325 0 пікір 20 Маусым, 2019 сағат 15:52

Елбасы тапсырмасымен жалақы жоғарылады

Тәуелсіз Қазақстан елінің әрбір азаматы мемлекеттің баға жетпес байлығы. Сондықтан елдегі әрбір азамат мемлекеттің шексіз қамқорлығын сезіне алуы тиіс. Осыны баста назарда ұстаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әр дайым көпшілік көңілінен шығатын шешімдер қабылдап келеді.

Бәріміз білетіндей, азақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы әр жылы Қазақстан халқына арнап Жолдау жолдайды. 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында Елбасы азаматтардың әл-ауқатын арттыру басты мақсат екенін атап өткен еді.  Онда Елбасы үкіметке, әр сала басшыларына отандастарымыздың тұрмытық әл-ахуалын жоғарлату үшін жұмыс істеуге тапсырма берді.

Дәл осы жолдаудың І тарауы "Халық табысының өсуі" деп аталады. Онда Елбасы халықтың табысын арттыру үшін қалай жұмыс жасау керек екенін айтқан. "Мемлекет пен адамдардың күш біріктіруінің арқасында ғана біз Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құра аламыз" дейді Елбасы.

Осы мақсатта, ең алдымен Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырды. Одан кейін бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 275 мың қызметкердің еңбекақысы көбейіп, орта есеппен 35 пайызға өсіруді тапсырды. Осы тапсырмаларды жүзеге асыру үшін 2019-2021 жылдарда  республикалық бюджеттен жыл сайын 96 миллиард теңге бөлу керек екенін айтқан еді.

Елбасының осы тапсырмаларына байланысты Қазақстан Республикасының Салық кодексіне көптеген өзгерістер енгізіліп отыр. Бұнда ең қуанышты жаңалық айына ең төменгі есептік көрсеткіштің 25 процентінен аспайтын айлық алатын тұрғындар үшін жеке табыс салығын он пайыздан бір пайызға дейін төмендету шешімі қабылданды.

Бұндай шешім шығуына басты себеп, баста айтқанымыздай, ең төменгі жалақы мөлшері бір жарым есе жоғарлап отыр. Осыған байланысты бюджеттік орган қызметкерлерінің жалақысы көрнекті түрде көбейді. Бұдан бөлек халықтың табыс деңгейі де көрнекті өсті.

Елбасы тапсырмасына сай жалақыны көтеру жұмысы еліміздегі барлық бюджеттік құрлымдардың қызметкерлерін қамтыды. Мұғалімдер, дәрігерлер, мектепке дейінгі білім беру қызметкерлері, мәдениет саласының қызметкерлері және спорт әлемінің қызметкерлері болсын бәрі де Елбасының тапсырмасына сай жоғарлатылған жалақыға қол жеткізді.

Тұңғыш Президент өткен жылғы жолдауында жалақыны жоғарлату жайлы тапсырма бергенін айтып отырмыз. Осы істің заңды жалғасындай биыл 27 ақпан күні өткен «Нұр Отан» партиясының съезінде осы мәселе қайта сөз болды. Бұл жолы арнай тапсырмамен бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын бірден отыз пайыз жоғарлату керек екені айтылды. Әрі маусым айының басынан бастап бұл тапсырма қолға ресми қолға алынып, жүзеге аса бастады.

Бұл жерде ерекше айта кетерлігі, жалақыны жоғарлатуда ең алдымен жұмысшы-қызметкерлердің кәсіби біліктілігіне де байланысты болды. Мәселен, ұзақ жылдық қызмет өтілі бар қызметкерлердің жалақысына қосылатын үстеме айтарлықтай көп болды деуге болады.

Сөз соңында, Елбасының 5 қазандағы Жолдауына орай елімізде ең төменгі жалақы ендігі жерде ең төменгі күнкөріс шегіне байланысты болмайтынын айта кетейік. Алдағы уақытта ең төменгі жалақының жаңа мөлшері бүкіл экономика ауқымындағы жалақы өсімінің көрсеткіші ретінде қарастырылады.

Біз жоғарыда мемлекеттік мекемелер және бюджеттік қызметкерлердің жалақысы көрнекті түрде өскенін айттық. Бұл сөзіміз тек мемлекеттік қызметкерлердің ғана айлығы өсті дегеннен дерек бермейді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің бастамасына үн қосқан жеке кәсіпкерлер мен ірі компаниялар да өздерінің жұмысшыларының жалақысын жоғарылатты. Біз бұндай ақпаратты өткен жылдың соңғы тоқсанынан бастап жиі естіп жүрміз. Демек, Елбасы Жолдауы ел халқының тұрмыс өресінің өсуіне өзгеше үлес қосты деген сөз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5592