Ғаббас Қабышұлы. Бір министр (әңгіме)
–Құрметті министр мырза, радиомызға хош келдіңіз!
–Хош!
–Рұхсат етсеңіз, сұхбатымызды бастайық, а?
–Давай-те!
–Тыңдарман қауымға әуелі өзіңізді таныстырсаңыз.
–Сіз таныстырдыңыз, министр деп, - всё! Мені Қазақстан весь знает, всё!
–Өмірбаяныңыздан қысқаша мағлұмат берсеңіз жөн болар еді.
-А, «өмірбаян» и «мағлұмат» не? Доклад и характеристика?
-Биографияңызды айтсаңыз.
-А-а, мен осында туған, өскен, мектеп, институт деп, содан аспирантура болды, Москвада, онда Советский Союз болды. Мен оқыдым, защитился, кандидат наук, содан сонда научно-исследовательский институтта болдым, жеті жыл. Сышыада төрт жыл болдым, работал по специальности. Казахстан независимый болды, шақырды, келдім. Екі жыл начальник отдела, үш жыл замминистра, а потом, министр, уже бір жыл... так... так... сегіз ай. Болды, бітті.
–Отбасыңыз туралы да айта отырсаңыз?!
–Отбасы? Ол не? Квартира да? У меня коттедж, двухэтажный.
–Отбасы дегеніміз – семья...
–Ол зачем? Жоқ, керек жоқ, зачем?
–Солай ма?
–Конечно! Мен.. ведь премьер-министр емес или президент, пока, так что керек жоқ!
–Еркіңіз, министр мырза. Ендеше өзіңіз басқарып отырған министрлік туралы, яғни оның міндеттері, жоспарлары, табыстары, кемшіліктері бар дегендей, тыңдармандарымызға жан-жақты айтып беруіңізді өтінемін.
–Пожалуйста! Біздің министр... біздің министерство, то-есть, қазір... еще молодой. Солай болса да, штат бар, жетеді, почти бір мың қызметкер, по республике, олар опытные, қандай задание болсын – жақсы істейді. Олар көп біледі, оқыған, істеген и істеп жүр. Как специалисты, жақсы, бары жақсы, просто.
–Негізгі міндеттеріңіз не?
–Негізгі міндет... значит, основные задачи, да? Біз президентке, мемлекетке, халыққа служить етеміз. Мен пионер болдым... значит... «Будь готов!» – «Всегда готов!». Комсомол болған. А біздің институтта военная кафедра болған, военный лагерьде болдым, а там, сіз білесіз, «Служу Советскому Союзу!» – дисциплина же! Бізде қазір дисциплина күшті, өте күшті! Айтылды – всё! Істеу керек – всё! Қазақстан үшін! Моральный жағдай, материальный жағдай тоже жақсы. Квартира, транспорт, еще что – бары жақсы! Менде бес заместитель бар, олар коттедждерде тұрады, мені екі иномарки: «Мерседес» и «Тойота» обслуживают, а орынбасарларда, ну, по должности... екеуін үш авто, үшеуін екі авто обслуживают, тоже иномарки. Ол жақсы, тез, оперативно, быстро, главное – бары качественно істеледі.
–Кешіріңіз, сонда негізгі жұмыстарыңыз не?
–Сіз не, осында специально шақырасыз, а білмейсіз, что ли?
–Бәрін де өз аузыңыздан естігеніміз дұрыс дейміз де.
–Өз ауыз... причем ауыз? А мен айтып отырам! Облыстарда управлениялар бар, қалаларда, аудандарда подразделениялар бар. Олар без исключения жақсы істейді...
–Кешіріңіз, не істейді?
–Вы подождите, мен барын айтам. Облыстарда управлениялар бар дедім, олар полностью укомплектованы, кадр жетеді, қандай міндет бар – сразу істейді, качествосы жақсы, вот что главное сейчас. Молодежь көп, оқыған, істеген, жақсы! Керегі, жақсысы – олар қандай міндет бар, дұрыс біледі, просто без подсказки істейді, а это всех нас радуют просто! А аудандарда, а, мен тағы айтайын, біздің министрде, то есть, өзімізде, облыстардағы управленияларда, аудандардағы подразделенияларда ветерандар да бар, олар керек, біз оларды жоғары ұстап, уважаем, оларда орден, медаль, почетные грамоты бар, и тағы болады. А аудандарда...
–Министр мырза, кешіріңіз, бізге бөлінген уақыт...
–Ой, қайда, қайда? Ну куда торопитесь? Ведь наш советский экспресс остановку «Коммунизм» давно проехал, давным давно, ха-ха-ха!..
–Министр мырза, ол түсінікті ғой, біздің тыңдармандар сіздің министрліктің немен шұғылданатынын түсіне алмай қалатын болды, жұмыстарыңыздың сипатын ашып айтып беріңіз.
–«Сипат?» Ол не? Качества что ли? Мен айттым, бары качественно, оперативно, тез, дұрыс деп айттым. А аудандарда не бар, қазір айтамын...
–Кешіріңіз, маған ескерту белгі берілді, бір-ақ минут уақытымыз қалыпты, ең соңғы сұрағымды қояйын...
–Давай-те!
–Сіз тәуелсіз еліміздің мемлекеттік тілінің, яғни қазақ тілінің мәртебесі дегенімізді қалай түсінесіз?
–«Мәртебе» что?
–Мән-маңызы, абыройы, беделі!
–А, конечно, конечно, ол жақсы, жақсы! Мен оны на сто процент поддерживаю! Школдарды двенадцать класс жасасақ, тіл, мәртебе и так далее бары жақсы болады. Самый жақсы, дұрыс – анлийский язык! Оны сразу, детсадтан оқу керек!
–Рахмет, министр мырза, сау болыңыз!
-До свидания! Келгенше!..
Abai.kz