#Абай175 эстафетасын Ұлттық академиялық кітапхана қызметкерлері жалғасырады
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында мекеме басшысы Үмітхан Дәуренбекқызы бір топ қызметкерлермен бірге Абай өлеңдерін оқу эстафетасын жалғасырады.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 маусым күні Ләйлім-Шырақ есімді 9 жастағы мектеп оқушысынан қазақтың ұлы ақыны Абай өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын қабылдап алған болатын. Президент кемеңгер ақынның жастарды білім мен ғылымға шақыратын «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңінен үзінді оқып, жауап берді.
Президент Қ.Тоқаев өлең оқу эстафетасын ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдады.
Өз кезегінде ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлова Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулетке және Қазақстанның Еңбек Ері, олимпияда чемпионы Жақсылық Үшкемпіровке сонымен қатар еліміздің мәдениет, өнер, спорт қайраткерлеріне және майталман жастарға жолдады.
Аталмыш эстафетаны ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының қызметкерлері қабылдап, одан әрі жалғастырады.
Сондай-ақ, Абай өлеңдерін оқу эстафетасы мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековке, қазақ жазушысы, сценарист, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері ағамыз Смағұл Елубайға, ақын, жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Досжанға, барша зиялы қауым өкілдеріне, Қазақстан кітапханашыларына және Айдос Елдосұлына жолданады.
Abai.kz