Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2605 0 пікір 8 Шілде, 2011 сағат 12:55

«31»-нші телеарнаға қазақ басшы керек пе?

Әнеугүні бас арналардың басшылары ауысқанын айтқан едік. Ауыс-түйіс барысында «31» телеарнасының директоры Нұржан Мұхамеджанова «Қазақстан» ұлттық телеарнасының басшылығына тағайындалған болатын. Енді көзіқарақты көрерменді акциясының белгілі бір бөлігі Ресейдің СТС арнасы сатылып кеткен «31»-нші арнаны басқаруға кім келеді деген сауал толғандырып отыр. Соған орай бір топ белгілі азаматтардың ой-пікірлерін ұсынып отырмыз.

«Абай-ақпарат»

Мұхтар Шаханов, ақын, «Мемлекеттік тіл» қозғалысының төрағасы:

Әнеугүні бас арналардың басшылары ауысқанын айтқан едік. Ауыс-түйіс барысында «31» телеарнасының директоры Нұржан Мұхамеджанова «Қазақстан» ұлттық телеарнасының басшылығына тағайындалған болатын. Енді көзіқарақты көрерменді акциясының белгілі бір бөлігі Ресейдің СТС арнасы сатылып кеткен «31»-нші арнаны басқаруға кім келеді деген сауал толғандырып отыр. Соған орай бір топ белгілі азаматтардың ой-пікірлерін ұсынып отырмыз.

«Абай-ақпарат»

Мұхтар Шаханов, ақын, «Мемлекеттік тіл» қозғалысының төрағасы:

- Телеарналардың басқа мемлекеттің компанияларына сатылуы ақылға қонбайтын нәрсе. Өйткені ол зат емес. Кез келген телеарна - халыққа рухани тәрбие беретін, қоғамдық ойдың қалыптасуына және оның қажетті бағытқа бұрылуына ықпал ететін өте маңызды мемлекеттік, қоғамдық тетік болып табылады. Қазақстан арнасының басшылығына тағайындалған  - Нұржан Жалауқызы ұлтжанды адам. Бірнеше рет елдің, ұлттың мәселелері төңірегінде әңгіме өткен кезде және жеке де әңгімелескен кездерде осыны байқадым. Ол «31» арнада өте игілікті шаралар атқарды. Кейбір ұлттық мәселелерді мемлекеттік мүддесі тұрғысынан қысылмай, қымтырылмай айта білді. Нұржан Жалауқызының «Қазақстан» телеарнасына келуінен үміт күтуге болады. «Қазақстан» мен «Хабар» телеарналары таң атқаннан кеш батқанша істейтін жұмысы туфли жалау болып кетті. Ұлттық мүдде тұрғысынан жұмған ауыздарын ашпайды.

«31» телеарна Ресейлік компанияға тиесілі болса да, Нұржан Мұхамеджанованың орнына қазақ көрермендерімен санасатын басшы келуі керек. Әлбетте, мемлекет құрушы ұлттың ақпараттық мүддесін аяқ асты еткен арнаның болашағы бұлыңғыр және қазақ қоғамы тарапынан ұдай наразылыққа ұшырайтыны анық.

 

Дулат Исабеков, жазушы, "Мәдениет" журналының бас редакторы:

- Телеарналардың басшысы жекеменшіктің қандай формасына жатпасын ол Ресейге сатылады ма, Ол Америкаға сатылады ма, оның басында бәрібір қазақ тілді азамат тұруы шарт. Әйтпесе, өзге елдің сойылын соғып кетуі мүмкін. Жалпы телеарнаны басқа мемлекетке сату дегенді түсінбеймін. Ал, енді ақыры сатылған екен. Бірақ қалай болғанда да арнаның басшылығына қазақ ұлтының азаматы бекітілуі тиіс. Мысалы, Тәжікстан, Грузия, Түркменстан сияқты елдердің барлығының телеарналары мен театр басшылары өз ұлтының өкілі. Тіпті сол елдегі орыс театрларының да басшылары да Грузияда - грузин, Тәжікстанда - тәжік. Бізде ғана жалпақшешейлік. Өзге біреудің қас-қабағына қарап, жалқтақтау. Сондықтан қазақ телеарналарын  соның ішінде «31» арнасы секілді Ресейге белгілі бір бөлігі тиесілі арналарды мемлекеттік тілді меңгерген, қазақ аудиториясына қандай хабарлар қажет екенін білетін, қазақ мүддесіне жұмыс істейтін қазақ азаматы басқаруы керек.

 

 

Серік Сарыбаев, «Алматы» телеарнасы бас директорының бірінші орынбасары:

- Мәселе «31» арнаға кім келгенінде емес, ол жерге ұлтшыл адам келсін, басқа келсін дәл қазіргі кезде «31»-де құдай болып отырған мәскеуліктер қазаққа тиісті ешнәрсе жасатпайды. Қазақ телеарналары туралы айтқан кезде бір мәселеге назар аударуымыз керек: қазір Қазақстандағы телеарналардың басым бөлігі Ресейге сатылып кетті. Бізді Ресеймен одақтастырудың бір жолы - «Қазақстан» мен «Хабардан» басқа телеарналардың акцияларының барлығы Ресейдің азаматтары мен Ресей компанияларының  қолында. Ал «31» осы көштің ең бір алдында тұрған телеарна. Ол ең алғашқы сатылған арна. Арна акциясының 20 пайызы ғана СТС арнасына тиесілі делінгенмен, негізгі тізгінді ұстап отырған ресейліктер. Меніңше, «бұл арнаның басына ұлтқа жаны ашитын азаматтар келіп, «31» қазаққа қызмет ете бастайды» дегенді өз басым орындалмайды деп ойлаймын. Ол үшін арнаны толығымен Қазақстанға қайтаруы керек. Ал, Украинадағы сарғылт төңкеріліс кезінде дәл осы СТС сияқты компаниялар Ресейдің мүддесін қорғап, елдің арасында дүрбелең тудырған болатын. Аталған арнада өзім қызмет істеген 2007-нші жылдары «қанша қазақ орыс тілді бағдарламаларды көрді?» деген есепке арнайы ақша бөліп, зерттеу жүргізгенін білемін. Қазақты орыстандыру саясаты қазір елімізде қатты үдеп тұр. Кез келген телеарнаны кешкі сағат тоғыз, оннан бастап қоссаңыз, барлығының жүргізіп отырған саясаты бір кездердегі Совет өкіметі сияқты сағат тоғыздан бастап жаңалықтары орыс тілінде береді де, артынан бір кино көрсетеді. Бізде Қазақстанның өнімдерін қойып жатқан телеарна «Қазақстан» арнасының өзі  «Қазақфильмнің» емес, Ресейдің ескі фильмдерін алып көрсеткенде мен жағамды ұстадым. Бұл жағдайды «КТК» арнасынан да байқап қалдым. Бізде толық орыстандыру саясатына телеарналар кірісіп кетті. Кешке жақын «7» арнада 2003-2004 жылдары өз өтілімін өтеп біткен Петросянның «Смехо панарамасы»  сияқты хабарлар кетіп жатыр. «НТК» телеарнасы түнімен ресей әншілерінің шоуын көрсетеді. «ОРТ Еуразиядан» «Достаяние республикий» деп қояды да Совет өкіметінің және оның заңды мұрагері Ресейдің әндерін насихаттайды. Бізде қазақ көрермендеріне ұсынатын түк жоқ.  Барлығымызды тұншықтырып тастады. Қазақты Ресейге апарып қосудың үлкен саясатын көріп отырмыз. Билік 2002-нші жылдардан бері біріккен экономикалық кеңістік құру, ортақ валюта сияқты идеялар айтып келген еді. Соңғы оншақты жылда биліктің осы саясатының нақты жемісін көріп отырмыз. Егер кез келген телеарнаның басына ұлтшыл азамат келетін болса, билік оған жұмыс істеткізбейді. Сондықтан да «31» арна болсын, басқа телеарна болсын, оның басына ұлтжанды азамат келмейді.

 

 

Айдос Сарым, саясаттанушы:

- Өз басым соңғы кезде орын алған республикалық телеарналардағы өзгерістерді жақсылыққа жорығым келеді. Әсіресе, Нұржан Мұхамеджанова сияқты білікті де білгір маманның  ұлттық телеарнаға басшы болып баруы да оңды қадам деп санаймын. Нұржан ханымның бас арнада   ұлттық мінез-менталитетпен қатар нарықтық идеологияны, технологияны да тең алып жүруін қалаймын. Ол кісі «31-ші арнаны» басқарып отырған кезде қазақтілді бағдарламалардың сапасын арттыру тұрғысында еңбектеніп, орыстың СТС арнасынан келген менеджерлеріне қазақтілді контенттің маңызы мен мағынасын түсіндіре білді. Бірте-бірте қазақтілді бағдарламалардың сапасының артуына, заманауи технологияларға сай болуына сеп болды.

Осы орайда, сөзсіз, алдағы уақытта «31-ші арнаға» кім жетекшілік етеді, қандай адам келеді деген қисынды сұрақ туындайды. Менің ойымша, кім келсе де бүгінгі жолмен қазақтілді хабарлардың саны мен сапасын ұлғайту тұрғысында табанды жұмыс істей алатын адам келуі қажет. Әрине, біздер нарық заманында өмір сүріп жатырмыз, жекеменшік арнаның басшылығына сөзіміз өте қоймас. Сөйте тұра қарапайым көрермен, кішкене де болса жұртқа сөзіміз өтетін адам ретіндегі талабымыз - осы. Айтқанымызға нақты нарықтық дәлел де бар. Бүгінгі күнгі қазақ басылымдарының, сайттарының өсуі жай ғана дүние емес. Қазақтың санының, оның халық ішіндегі өскен үлесінің нақты көрінісі. Бұл үдеріс алдағы уақытта одан әрі күшейе түспек. Жаңалықтарды, бағдарламаларды, сериалдарды тек қана қазақ тілінде, өз ана тілінде көргісі келетіндердің саны артып жатыр. Бұны кез-келген бизнесмен, менеджер ескеруі тиіс. Онсыз көрермендердің көңілінен шықпай, жақсы рейтинг жинау екіталай. Олай болатын болса, «31-ші арнаға» тек қазақы хабарларға, қазақы контенттің артуына қарсы шықпайтын азаматтың келгені абзал.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5452