Сенбі, 23 Қараша 2024
3638 1 пікір 17 Шілде, 2019 сағат 10:56

Айсұлу Ерниязова: Еріктілер қозғалысын қолдаған Президентке алғыс айтамыз

Өз ісіне адал волонтер жастар өскелең ұрпақтың арасында айтарлықтай артып келеді. Бұл туралы «Волонтерлер лигасы» ҚҚ төрайымы Айсұлу Ерниязова мәлімдеді. 

«Биыл мамыр айында Қостанайда өткен Қазақстан-Ресей жастарының форумына қатысқан болатынмын. Осы жиын барысында волонтерлер алдағы жылды еріктілер қозғалысын қолдау жылы деп жариялауға ұсыныс жасап, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастамаға қолдау білдірді», - деді ол.

Сонымен қатар А. Ерниязова Жастар жылының ашылуында Елбасы волонтер студенттердің шәкіртақысын өсіруді тапсырғанын еске салды.

«Осы іспетті шаралар біздің волонтерлерді ынталандыруға ықпал етті, яғни қандай да бір материалдық мүдде тұрғысында емес, мемлекет тарапынан қолдау жасалып отырғандығы және волонтерлерге жасалған қамқорлық көңіл-күйді бір серпілтті. Ал 15 шілде күні өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті рет волонтерлік қозғалыстың рөлі туралы атап өтті. Волентерлік ұйымның төрайымы ретінде өз ісіне адал еріктіні анықтау оңай екенін айта аламын. Осындай жастар өскелең ұрпақтың арасында айтарлықтай артып келеді», - деді лига төрайымы.

Оның сөзіне қарағанда, «Волонтерлер жылы» аясында жастарға үлкен жауапкершілік жүктеледі.

«Біз қазірден бастап «Волонтерлер жылы» аясында «қандай игі шараларды ұсына аламыз?» деген ой мазалауда. Таяу күндері біз волонтерлер Гимнін жаздық және оны Қазақстандағы барша әріптестерімізге арнадық. Оны біздің ұйымның инстаграмм профилінен сілтеме бойынша көшіріп алуға болады. Жалпы, еріктілер қозғалысына ерекше мән беріп отырған Мемлекет басшысына алғыс айтқымыз келеді. Өйткені еліміздің болашағы үшін тұрғындарды жауапкершілікке шақыруда, адамдардың бір-біріне қамқорлықпен қарауына волонтерлік қозғалыстан үйренетін тұстары көп. Осы орайда біз өзіміздің күш-жігеріміз арқылы еліміздің гүлденуіне елеулі үлесімізді қоса аламыз», - деді Айсұлу Ерниязова.

Айта кетейік, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт тоқаев келесі жыл «Жастар жылының» жалғасы ретінде «Волонтерлер жылы» болатынын, жастарымызды белсенді волонтерлік жұмысқа тарту қажет екенін атап өтті.

Дереккөзі: inform.kz

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1485
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5515