Сенбі, 23 Қараша 2024
2818 4 пікір 18 Шілде, 2019 сағат 11:28

АҚШ Түркияға F-35 жойғыштарын сатпайды

АҚШ президенті Дональд Трамп сейсенбі күні F-35 жойғыштарын Анкараға сатпау туралы шешім қабылдады. Ақ үй Түркияның Ресейден С-400 зымыранды-зенитті кешен сатып алғанына осылай жауап берді.

Вашингтонның 116 ұшақты сатуға тыйым салатыны бұрын белгілі болған, бірақ Мемлекеттік департамент президенттің ресми мәлімдемесін күткен.

Пентагон F-35 ұшақтары Түркияға сатылса, Ресей С-400 радарының көмегімен жойғышқа орнатылған электроника туралы маңызды ақпаратты алып қояды деп қауіптенді.

Енді түрік кәсіпкерлері F-35 ұшағының жүздеген бөлшектерін өндіру лицензиясынан айрылады. Бұл өндіріс НАТО елдері арасындағы әскери-техникалық әріптестік аясында жолға қойылған еді. Түркия сол арқылы екі миллиард доллардан астам пайда тапқан. Дональд Трамп F-35 шығаратын “Локхид-Мартин“ корпорациясының басшылығын өтемақы ретінде қосымша келісім-шарт қабылданатынын ескерткен.

Трамп Түркия президенті Реджеп Ердоғанның Ресейден С-400 кешенін сатып алу туралы шешімін түсінікпен қабылдады, дегенмен демократтар да, Конгрестегі республикашылар да Ақ үйді Түркияға қарсы санкция қолдануға шақырған.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1485
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5515