Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2142 0 пікір 11 Шілде, 2011 сағат 17:23

Ғаббас Қабышұлы. Жаздым, міне!..

(Мысқыл)

Шіркін, бізде жаңбыр мен жел тұр ғой, қолтығында атом бомбасы бар жаудан да шошымайтын ұшақ болса ғой, Астанаға алты сағат кешікпей, әуелде айтылған он сегіз нөл-нөлде барып қонатын едік. Жарайды, өтті - кетті, артта қалғанды аласапыран қылмай, алдағыны айтайын. Мәрсен екеуіміздің «алдағымыз» таңғы сағат алтыда басталды. Жаңа мейманхананың ескі төсек-орнынан жарыса тұрып, жағаласа киініп, шала-мала жуынып, кісі басы бір пияла шаймен оразамызды ашып, суырылып сыртқа шықтық. Ол жұмыстың бәрін жастыққа бас тигізерінде Мәрсен жоспарлаған. «Әй, біз мұнда өліп қалғандай ұйықтауға келген жоқпыз.  Қу бастай домалап жеттік екен, енді мұндағы барлық қызықты басқалардан бұрын көруіміз керек, ұқтың ба?» деген. Өзімнен екі-үш жаялықты бұрын тоздырған құрдасымның  өсиетін сау-сәлемет оң құлағыма құйып алмағанда, не, тарс бітеліп қалған сол  құлағымды тосайын ба оның аузына?

Сонымен сөйтіп, Мәрсеннің жоспарын жүзеге асыруға кірісіп кеттік. Көшеге табанымызды тигізе бере Мәрсен:

- Сен қашан келіп едің? - деді, сағына күткендей ызыңдап кеп қолақпандай май мұрнына қона қалған шыбындай мазалы масаны шертіп түсіріп.

- Кеше бірге келдік емес пе? - деп, оның оң жағына шықтым.

- Тфу! Астанаға соңғы рет қашан келіп едің деймін!

- Түкірме, көшені былғайсың. «Соңғы рет» дегенің сұмдық екен?!

(Мысқыл)

Шіркін, бізде жаңбыр мен жел тұр ғой, қолтығында атом бомбасы бар жаудан да шошымайтын ұшақ болса ғой, Астанаға алты сағат кешікпей, әуелде айтылған он сегіз нөл-нөлде барып қонатын едік. Жарайды, өтті - кетті, артта қалғанды аласапыран қылмай, алдағыны айтайын. Мәрсен екеуіміздің «алдағымыз» таңғы сағат алтыда басталды. Жаңа мейманхананың ескі төсек-орнынан жарыса тұрып, жағаласа киініп, шала-мала жуынып, кісі басы бір пияла шаймен оразамызды ашып, суырылып сыртқа шықтық. Ол жұмыстың бәрін жастыққа бас тигізерінде Мәрсен жоспарлаған. «Әй, біз мұнда өліп қалғандай ұйықтауға келген жоқпыз.  Қу бастай домалап жеттік екен, енді мұндағы барлық қызықты басқалардан бұрын көруіміз керек, ұқтың ба?» деген. Өзімнен екі-үш жаялықты бұрын тоздырған құрдасымның  өсиетін сау-сәлемет оң құлағыма құйып алмағанда, не, тарс бітеліп қалған сол  құлағымды тосайын ба оның аузына?

Сонымен сөйтіп, Мәрсеннің жоспарын жүзеге асыруға кірісіп кеттік. Көшеге табанымызды тигізе бере Мәрсен:

- Сен қашан келіп едің? - деді, сағына күткендей ызыңдап кеп қолақпандай май мұрнына қона қалған шыбындай мазалы масаны шертіп түсіріп.

- Кеше бірге келдік емес пе? - деп, оның оң жағына шықтым.

- Тфу! Астанаға соңғы рет қашан келіп едің деймін!

- Түкірме, көшені былғайсың. «Соңғы рет» дегенің сұмдық екен?!

- Өй, сен де... Мұнда, Қазақстанның астанасы - Астана қаласына, мына жерге бүгінге дейін, бұдан бұрын қай жылы келдің? Енді түсінікті ме?

-Түсіндім, жауап беремін: Қазақстанның астанасы - мына Астана қаласына бүгінге дейін, бұдан бұрын қай жылы келгенім есімде жоқ, оның есесіне Астананың астана болғанына бес жыл толған тойына қатысқанмын.

- Дұрыс. Официально келдің бе, кімдер шақырды?

- Мен мұндағы шенеуніктер шақырмайтындардың тізіміндегі құрметті жолдаспын, - деп күлкінің ырымын жасадым.

- Е, иә, испан бұқасының жүйкесін жұқартатын қызыл шүберек сияқтысың, білемін, - деп Мәрсен мырс-мырс етті.

- Мәрсен, ей, «шүберек» демекші, осы бізде «нұр» деген тәп-тәуір сөздің көрінген жыртыққа жамайтын шүберекке айналғаны қызық, ә? «Нұр Отан» деп бастап, «Нұр банк», «Нұр Астана», «Нұр саяхат», «Нұр маркет», «Нұр тау», «Нұр төбе», «Нұр бұлақ», «Нұр сай», «Нұр жол», «Нұр сұңқар»...

- Жә, қойшы, тас тергендей тақылдатпай. Үйге қайтқан жолда түгендеп айтарсың, керек болса. Ал «Нұр ломбард» деген де бар, кәйт дейсің? «Нұр сыра», «Нұр шашлық» та бар шығар, кім біледі, әйдә, аяқты жебей басайық, әне, полицейлер көріне бастады, жұрт та қаптар енді!

Құрдастардың  бойында бірінікі  бірінікін аңдыған шайтан-қойтан бола береді емес пе, Астанадағы үш күн бойы біздікілер де шап-шұп ұстасып қалып жүрді. «Кіріспесін», мінеки естідіңіздер, енді оларды моншақша шетінен тізбей, қайнауға айналған еттің көбігінше қалқып алып тастап, жанымда Мәрсен болған жоқ деп, өзімнің көрген-білгенімді қысқаша былай  баяндайын:

Жылы орнымыздан ертелетіп шықсақ та, жұрттан оза алмадық. Олар да біз сияқты, тойыст, мен сияқты ерте кіріскендер екен, ығы-жығы болдық. Естуімше, шет елдерден шақырылғандар да аз емес деседі. Әлгі әртис-мәртис, клоун-слоуын дегендер. Өзімізді қойшы, шеттен көптеп шақыру  сыртқы саясатымызға да дөп қой, келсін бәлемдер, елдерінде жоқты көрсін. Елдерінде бар болса да көрсін. Біз жер шарының түкпір-түкпірінен қонақ шақыру дегенге кәмпитке құмар баладай болып алғанбыз, шығын-пығынды есептеп жатпаймыз. «Мен Қазақстан үкіметі қиылып шақырған соң барып, оның астанасы Астана деген қаласының онүшжылдық тойына қонақ болып қатысып келдім!» дер артынып-тартынып барғандары керек бізге. Өзімізді өзгелерге танытудың төте жолы оларды кез келген той-жиналысымызға шақырып алып, арғы-бергі жолақысын төлеп, апта жатса да, ай жатса да жамбасақысын, ішіп-жемін өтеп, басына қалпақ кигізіп, иығына шапан жауып, саусағын жүзікке толтырып, қолына қобди ұстатып жіберу екенін жатқа білеміз!

Мәрсенге мағлұмат бергенімдей, Астананың бес жылдығын тойласқан едім, содан беріде жеті той өте шығып, міне, сегізіншісіне қатыспақпын. Кеше соны көңілдене айтқанымда мейманхананың бұғалтыры: «Бізде жылына мұндай сегіз-тоғыз жиын-той болады!» деп шалқайғаны ғой, өй, дарақы неме!..

Астана керемет өзгерген, Ақмола-Целиноград-Ақмоладан  белгі жоқ сияқты, егер болса, биік үй-ғимараттардың көлеңке жағында, бояп қойылған биік дуалдардың артында бар сияқты. Е, мейілі, оларды іздеп қайтем?!.

Көргендерімді көлденеңдетейін.

Көбіңіз, тойына жылда барып жүргендеріңіз, қаланы менен әлдеқайда артық білесіздер.  Біздің Астана, анау мадиярлардың Будапешті тәрізденіп, Дунайдың, - тфу! - Есіл өзенінің екі жағына қоржындай тең етіліп салынып жатыр екен. Оң жақ бөлігінің бас алаңында Керей мен Жәнібек хандардың ескерткіші тұр. Басымды идім. Сонау жылы қаланың қоқысынан табылғаны емес, әрине, мүлде басқаша. Мәскеудегі Минин мен Пожарский ескерткішіне төтеп берерлік. Одан арырақта, неге екенін білмеймін, жұрт «Сыпыртқы» деп жүрген сәл қисайыңқы дәу тамның оң жағында «Қазақстан ғалымдары» атты сәндіжол (аллея) бар екен де, оның екі бойына Қаныш Сәтбаев бастаған тарихи тұлға қазақ, орыс, еврей... ғалымдарымыздың биік тұғырлы қызғылт теміртас (гранит) кеудемүсіндері қойылыпты, ал сол жағында  «Біздің өнер саңлақтарымыз» деп аталған сәндіжолда Қорқыт бабамыздан, Шәкен Айманов ағамыздан Затаевич құдамызға дейінгі тарихи тұлғаларымыздың түрлі-түсті майбояумен салынған портреттері іліп қойылыпты. Ғажап! Аруақтары риза болсын-ай!..

Қаланың сол жақ бөлігінің бас алаңында Абылай ханның Бұқарымен, батырларымен бас қосып, кеңес құрып отырғанын бейнелеген топ ескерткіш (ансамбль) бар екен. Шет елше «Конгресс-холл» дегендерінің алдында. Көре сала жүгіре басып барып, екі қолымды қусыра иіліп сәлем бердім. Бәрін айнала жүріп, дізелерін, етектерін сипалап мәз болдым. Мүсіншінің шеберлігі ғой, бәрі де құдды тірі кісідей көркем. «Қолынан айналайын қай мүсіншіміздің еңбегі екен?» деп аты-жөнін алай іздедім, былай іздедім, - жоқ, жазылмапты, ал, оның есесіне, ескерткішті жасауға демеуші болған бизнесмен бес кісінің аты-жөндері алтындап бадырайтып жазылыпты. Е-е-е...

Жә, Абылайлардың оң жақ қапталындағы «Алаш арыстары» атты сәндіжол бойларында Әлихан Бөкейханов бастаған ағаларымыздың ақшыл тастемірден қашалған кеудемүсіндері  көз тартып тұр. Тамаша!  Ал сол жақ қапталда ақын Сәкен Сейфуллиннен жазушы Иван Шуховқа дейінгі қалам қайраткерлеріміздің шыныланған түрлі-түсті фотопортреттері ілулі. О, бәрекелді!..

Қайсысын қалай айтып тауысарсың, мен жеті жыл көрмеген Астана асқақтапты-ақ. Көргім келгеннің бәрін таба алдым. Көруім міндет еместерді де кездестірдім, мәселен: Парижде, Лондонда, Берлинде, Вашингтонда, Тель-Авивте, Абу-Дабиде, Токиода, Стамбулда... көрген ғимараттарымның біразы бар.

Астананың үш күнгі тойында көпке ілесе: мұражай, мешіт, көрме, театр, супермаркет, дүкен, шеберхана, мейрамхана, базар...  атаулыны түгендеумен өкшем қажалып, сілікпем шығып, сілем қатты. «Өлең төсегім, қайдасың?» деп үйді аңсап, пойыздың купесіне кіре Мәрсен екеуіміз де  сұлаппыз. Әйтеуір, Алматыға жете ес жидық-ау!

- Мәрсен, ей! Ұйқым қанғандықтан болар, менің басыма бір тып-тың ой тақалып тұр, - дедім.

- Сөйлеші! - деді ол. Сірә, құлағы қаңси бастаса керек.

- Сөйлесем: Астана күнін жылына бір-ақ рет үш күн тойламай, жылына екі рет - алты айда бір рет,  жиыны алты күн тойлау керек. Сонда жұртқа  да жеңіл болады, екі бөлініп келеді, сен екеуіміз де екі есе аз шаршайтын боламыз!

- Өй, мұның...  гәзетке жазатын  нәрсе  екен!

Жаздым, міне!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5510