Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2484 0 пікір 11 Шілде, 2011 сағат 17:50

Өмірзақ Ақжігіт. «Халық майданы» бізге де жетті...

Маусымдағы негізгі жаңалықтың бірі - «Халық майданы» қоғамдық қозғалысының құрылуы. Қоғамдық қозғалыс әзірге Қазақстан Коммунистік партиясы мен  «Алға!» халықтық партиясының негізінде құрылыпты. Бірақ, бұл қозғалысқа ұйымдар да, жекелеген тұлғалар да кіре алатындығы айтылған. Жаңа ұйым әсіресе кәсіподақтар мен Социалистік қарсылық, «Халыққа баспана қалдырамыз» қозғалыстарының өз қатарына қосылатынынан үмітті. Биылғы жылы өткен  президент сайлауында үміткер болған саясаткер Серік Сапарғали өзінің бір сұхбатында: «қырық шақты бейүкіметтік ұйым «Халық майданына» кіруге ниет танытып үлгерді» дейді.

Маусымдағы негізгі жаңалықтың бірі - «Халық майданы» қоғамдық қозғалысының құрылуы. Қоғамдық қозғалыс әзірге Қазақстан Коммунистік партиясы мен  «Алға!» халықтық партиясының негізінде құрылыпты. Бірақ, бұл қозғалысқа ұйымдар да, жекелеген тұлғалар да кіре алатындығы айтылған. Жаңа ұйым әсіресе кәсіподақтар мен Социалистік қарсылық, «Халыққа баспана қалдырамыз» қозғалыстарының өз қатарына қосылатынынан үмітті. Биылғы жылы өткен  президент сайлауында үміткер болған саясаткер Серік Сапарғали өзінің бір сұхбатында: «қырық шақты бейүкіметтік ұйым «Халық майданына» кіруге ниет танытып үлгерді» дейді.

Жаңа ұйым халыққа не береді? Біздіңше, оның берері көп. Себебі, біріншіден, жоғарыда аты аталған екі партия да шыңдалған, шыныққан, идеялық оппозиция болып табылатын, халыққа шын мәнінде жақын партиялар. Мысалы, оның «Алға!» партиясына қатысты дәл солай екеніне осы жолдар авторы партияның тыныс-тіршілігін көзбен көріп, көңілге түйіп қайту үшін былтыр жазда он күн партия жетекшілерімен бірге солтүстіктегі бес облыстың аудандарын аралап қайтқан кезде көзі әбден жеткен болатын. Рас, кейбіреулер «Алғаны» «ақыл-кеңес беруден ары аса алмай қалған» деп кемсіткісі, мұқатқысы келеді. Бұл мысықтың бақандағы майға бойы жетпей тұрып, «сасып кетіпті ғой»  деген сөзін еске түсіреді... Ленин деген кісі де өзінің партиялық қадамын үш-ақ адаммен, бірақ халықпен қоян-қолтық араласып, соның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтындармен бастаған болатын...

Екіншіден, бұндай ұйым халыққа, оның ішінде ең бірінші кезекте қазаққа баяғыдан керек еді. «Бізге де жетті-ау» деп отырған себебіміз сол. Прибалтика жағалауындағы, социалистік Шығыс Еуропадағы елдер кеңес өкіметі құлардың алдында, одан кейін де осы аттас немесе аты басқа болғанмен заты бір қоғамдық ұйымдарды кең пайдаланып, соның арқасында демократияға да тезірек жетті. Біздің ойымызша, 1991 жылы «Халық майданы» құрылуы, басқа саяси партиялар шектеле тұруы, сөйтіп, сөз жүзінде емес, іс жүзінде қазақ халқы, оның айналасына ұйысқан өзге халықтар 25-30 жыл бойына тезірек техниканы, технологияны игерумен, білім мен ғылымға асқан зор ден қоюмен, соның арқасында шын мәнінде бәсекеге қабілетті экономика құрумен айналысқанда нұр үстіне нұр болар еді. Тіпті, жалғыз дұрыс жол осы болар еді. Өйткені, Черчиллдің тауып айтқанындай, «демократиядан артық нәрсені адамзаттың ойлап таппағанын, бірақ, оның аса қауіпті құрал»  екенін біздің өмір өте әдемі дәлелдеп берді. Біз демократияның жақсы жағын емес, жаман жағын, шынайы жағын емес, көзбояушылық жағын алумен болдық. Билік оның осы жақтарын асқан шеберлікпен пайдаланды.

Жарайды, ештен кеш жақсы. Жақсылықтың ерте-кеші жоқ. Бұдан кейін қателікке ұрынбасақ болды. Ендігі, жақын болашақта жеделдете іске асуы тиіс ең басты мақсат - шын мәнінде атына заты сай парламент құруға қол жеткізу болмақ. Және нағыз парламент - қазақтың далалық парламенті болғанын да еске түсіріп  кету бұл жерде артықтық етпейді. Ендеше, Вольтердің «мен сізді сондай жек көремін, бірақ, сіз мінберден сөйлеу алуыңыз  үшін жанымды беруге дайынмын» деген сөзін әрбір өзін ұлт патриоты санайтын азамат есте ұстап, басқа әріптестерін атарға оғы жоқ болса да осы бір қоғамдық ұйым аясында бірігіп, тізе қоса қимылдағанынан артық, одан маңызды дәл бүгінгі таңда іс болмақ емес!

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502