Сенбі, 23 Қараша 2024
Абай мұрасы 5066 9 пікір 24 Шілде, 2019 сағат 11:05

Мұхтар Құл-Мұхаммед: Қазақты тану - Абайды тану!

Кішкене бүлдіршін Ләйлім Шырақ бастап, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қолдаған хәкім Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін оқу эстафетасын Ресей президентінің арнайы көмекшісі Михаил Швыдкой жалғастырды.

"Қазақстан мәдениетінің қайраткері, менің досым Мұхтар Құл-Мұхаммед жолдаған эстафетаны ерекше ықыласпен қабылдап алдым. 

Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылы қазақ халқының даңқты перзенті, Ұлы ағартушы, жазушы, ойшыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Бұл тек қазақтардың, Қазақстанның емес, сондай-ақ, Абайдың ойшылдығын бағалай білген барлық адамның мерекесі. 

Мәскеуде, біздің астанамыздың көркін кіргізіп тұрған Абайдың ескерткіші кездейсоқ тұрған жоқ. Бұл да өз кезегінде қазақтың Ұлы ағартушысына деген Ресей халқының құрметінің белгісі", деген Михаил Швыдкой әрі қарай хәкім Абайдың өлеңін оқыды.

Наш холоден Ум наподобие льда

Наш холоден Ум наподобие льда,
Горячее Сердце согреет всегда.
Разумность и такт, прозорливость терпенья,
В нас Воли рождает тугая узда.
Держа в триединстве Ум, Сердце и Волю,
Ты к цельности редкой придешь без труда.
Но взяты поврозь, они будут ущербны, -
Не славят явлений, где много вреда.
Живу неспособный смеяться и плакать,
Лишь с сердцем мятущимся, с коим – беда.
Ум, Сердце и Воля – ничто друг без друга,
А Знанье их суть пронесет сквозь года.

Абай. (Әуезхан Қодардың аудармасы)

Өз кезегінде Ресей президентінің көмекшісі Абай өлеңдерін оқу эстафетасын Ресейдің Қазақстандағы Елшісі Алексей Бородавкинге жолдады.

"Ұлы Абайдың Ұлы өлеңі. Ал мен бұл поэтикалық марафонда эстафета кезегін менің тағы бір досым, Ресей азаматы, Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі Алексей Бородавкинге жолдаймын", деді Швыдкой.

Естеріңізге сала кетейік, Абай өлеңдерін оқу эстафетасын Михаил Швыдкойға Сенатының депутаты, Комитет төрағасы Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед жолдаған болатын.

Мұхтар Абрарұлы эстафетаны Төрегелді Шарменов пен Берік Уәлиден қабылдап алып, ақынның "Кө тұман - алдыңдағы келер заман" атты өлеңін оқыған.

"Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы кішкентай Ләйлім Шырақтан Абай шығармаларын оқуды қабылдап алып, жаңа заманның жаңа дәстүрін қалыптастырды. Қазақтың тілін, әдебиетін, мәдениетін, тіпті тарихын танудың өзі Абайды танудан басталады. Қазақты тану - бұл Абайды тану", деді сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Өз кезегінде ол Абай шығармаларын оқу эстафетасын Ресейдің мемлекет қайраткері, кезінде Мәдениет министрі болған Михаил Швыдкойға, Әзербайжанның Ресейдегі Елшісі, әйгілі әнші-композиторы, ұзақ жылдар Мәденит министрі болған Полад Бұлбұлоғлыға, Жапонияның Білім, мәдениет, спорт, ғылым және теxнологиялар министрі қызметін атқарған Такео Кавамураға және Иорданияның Мәдениет министрі болған Нэнси Бакир xанымдарға жолдаған еді.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5396