Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Айбын 3681 9 пікір 25 Шілде, 2019 сағат 12:50

Броконьерлердің қолынан қаза тапқан қорықшыға Айбын ордені беріледі

Броконьерлердің қолынан қаза тапқан қорықшы Қаныш Нұртазиновке I дәрежелі Айбын ордені берілетін болды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады. 

Қазақстан президенті марқұм болған қорықшы Қаныш Нуртазинов пен «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторы Самат Оспановты наградтау туралы Қаулы шығарыпты. Онда:

"Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын:

І дәрежелі «Айбын» орденімен

Нұртазинов Қаныш Серікұлы (марқұм) - Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторы;

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен

Оспанов Самат Қошбергенұлы - Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторы", деп жазылған.

Естеріңізге сала кетейік, 23 шілде Ақмола облысы Жарқайың ауданында "Охотзоопром" инспекторларына шабуыл жасалып, оқиға салдарынан қорықшылардың бірі қаза тапқан.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев браконьерлердің қолынан қаза тапқан азаматтың отбасына көңіл айтты.

Бұл туралы Қазақстан Президенті Twitter желісіндегі жеке парақшасында жазды.

«Браконьерлермен арпалыста ерлікпен қаза болған қорықшы Қаныш Нұртазиновтың жақындарына шынайы көңіл айтамын. Қаскөйлер ұсталып, жауапқа тартылады. Киіктерді атқаны үшін жазаны күшейту қажет. Қаза тапқан Қ.Нұртазинов марапатталатын болады. Қорықшы С.Оспановтың сауығып кетуін тілеймін», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1544
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3334
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6105