Сенбі, 23 Қараша 2024
2690 1 пікір 26 Шілде, 2019 сағат 10:53

Арыста жараланған 3 адам әлі ауруханада. Біреуінің жағдайы ауыр

Қазақстан денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың сөзінше, Арыстағы жарылыс кезінде жараланған үш адам әлі ауруханада жатыр. Солардың бірі 8 жасар Аян Шәріпбектің халі ауыр.

Шәріпбек қазір Нұр-Сұлтандағы ауруханалардың бірінің жан сақтау бөлімінде жатыр. 24 маусымда Арыстағы қару қоймасында жарылыс болып, адамдарды эвакуация жасаған кезде 8 жасар Аян Шәріпбекті көлік қағып, басы жарақаттанған еді.

«Ол баланы [Қазақстанға] тәжірибе алмасуға келген шетелдік нейрохирургтер де қарады. Дәрігерлер қолдарынан келгенін жасап жатыр. Бірақ көп жағдай дәрігерлердің қолында емес. Өкінішке орай, баланың бас жарақаты өте ауыр» деді Біртанов Азаттыққа.

Министрдің сөзінше, қалған екі науқастың бірі Алматыда, екіншісі Шымкенттегі ауруханада, олардың жағдайы жақсарып келеді.

24 маусымда Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери қойма жарылды. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, жарылыстан үш адам (Арыс тұрғыны мен екі әскери) қаза тауып, 400-ден астам адам дәрігер көмегіне жүгінген.

27 маусымда Шымкентте шеруге шыққан жүздеген арыстық соңғы он жыл ішінде төрт рет жарылыс болған Арыс қаласына бармайтынын айтып, биліктен өздерін басқа жаққа көшіруді талап еткен. Ертеңінде 28 маусымда Шымкент пен көрші елді мекендерді уақытша паналаған арыстықтар үйлеріне оралды. Билік Арыстағы әр тұрғынға 100 мың теңге беретінін айтқан.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371