Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2088 0 пікір 18 Маусым, 2009 сағат 08:45

Наталья Вдовина: «Қазақ тілін білмейтіндер елден кететін шығар...»

Жақында Ресейдің «Евразийский дом» веб-сайты Қазақстандағы орыстілді мектеп мұғалімдерінің ассоциациясының төрайымы Наталья Вдовинамен сұхбатын жариялаған еді. Бұл тек қана бір адамның пікірі емес, белгілі бір топқа әсерін тигізіп, сөзін өткізіп  отырған адамның сұхбаты. Байқап отырсақ, еліміздегі славян ұйымдары басшыларының сұхбаттары қазақ оқырмандарына жете бермейді. Олардың іште жүрсе бір сөз айтып, сыртқа шыққанда мүлдем басқа лағып кететін де жақсы білеміз. Осы себепті де Вдовина ханымның сұхбатын қысқартып болса да, аударып бергенді жөн санадық.

 

Сұрақ: Қазақстандағы орыс мектептері туралы айтып беріңізші. Статистикаға жүгінетін болсақ, осындай мектептердің саны азайып, онда оқитын балалардың санының күрт төмендеп отырғанын өреміз. Бұл неге байланысты? Бұл мемлекет басшылығының саясаты ма? Әлде орыс мектептері халықтың көңілінен шығып бара ма?

Жақында Ресейдің «Евразийский дом» веб-сайты Қазақстандағы орыстілді мектеп мұғалімдерінің ассоциациясының төрайымы Наталья Вдовинамен сұхбатын жариялаған еді. Бұл тек қана бір адамның пікірі емес, белгілі бір топқа әсерін тигізіп, сөзін өткізіп  отырған адамның сұхбаты. Байқап отырсақ, еліміздегі славян ұйымдары басшыларының сұхбаттары қазақ оқырмандарына жете бермейді. Олардың іште жүрсе бір сөз айтып, сыртқа шыққанда мүлдем басқа лағып кететін де жақсы білеміз. Осы себепті де Вдовина ханымның сұхбатын қысқартып болса да, аударып бергенді жөн санадық.

 

Сұрақ: Қазақстандағы орыс мектептері туралы айтып беріңізші. Статистикаға жүгінетін болсақ, осындай мектептердің саны азайып, онда оқитын балалардың санының күрт төмендеп отырғанын өреміз. Бұл неге байланысты? Бұл мемлекет басшылығының саясаты ма? Әлде орыс мектептері халықтың көңілінен шығып бара ма?

Жауап: Бұл сұраққа нақты жауап беру қиын екен. Барлығы да Қазақстанның нақты аймағына байланысты дер едім. Оңтүстік аймақтарда, әрине, жергілікті халық басым, орыстілділер аз ғана, сондықтан ол жақтағы орыс тіліне деген сұраныс төмен. Ал егер Қазақстанның солтүстік аймақтарын алатын болсақ, ондаға орыстілді білім алуға деген сұраныс азайған жоқ. Бір нәрсені анық айта алам: жоғары жақтан орыс тіліндегі сабақтарды қысқартыңдар деген тапсырыс жоқ. Негізінен көп нәрсе аймақтардың өзіне байланысты.  Орыстілді мектептерге қатысты саясат негізінен нақты аймақтарды кімдер басқарып отыр, сол басшылардың аймақтың дамуына деген көзқарасы мен ұлтаралық қатынастарды қалай түсінетініне байланысты. Алайда, статистика деректері көрсетіп отырғандай, орыстілді мектептердің саны азайып келеді...

Басқа жағынан қарасақ, мен мынадай бір фактіге назар аударуды жөн көріп отырмын. Қазақстанда шамамен 125-126 жекеменшік элиталық мектеп бар. Оларда негізінен ірі шенеуніктер мен бизнесмендердің балалары білім алады. Осы мектептердің барлығында дерлік сабақтар орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Яғни, элита өз балаларының орыс тілін жақсы меңгергенін қалайды.

Сұрақ: Орыстілді мектеп түлектерінің өмірге бейімделуіне қатысты қандай проблемалары бар? Олардың көбі қазақ тілін білмейтін шығар? Орыстілді мектеп түлетерінің қандай артықшылықтары не болмаса кемшіліктері бар? Жалпы алғанда Қазақстандағы орыс метептерінің болашағы бар ма?

Жауап: Орыстілді халық көбінесе елден кетуге құштар болып отыр. Әсіресе жастар. Олар үшін білімді қайда алу керек, Ресей ме әлде шетелде ме деген сұрақ жоқ, бастысы - елден кету. Негізінен шекаралас сібір қалаларына, университет орталықтарына, Ресейдің орталық аймақтарына, ал, мүмкіндігі келсе, тіпті шетел асып кетуге тырысады.

Ал егер Қазақстан ішіндегі орыстілді оқу орындарының түлектерінің болашағы туралы айтар болсақ, тағы да статистикаға жүгінуге тура келеді. Мемлекеттік қызметтегі орыстілділердің саны бес пайыздан аспайды. Бұл өте аз. Бизне хақына келсек, мен бұл сала туралы орынды дерек айта алмаймын.

Айта кетейін, Қазақстанда білікті мамандарға деген сұраныс өте жоғары. Мысалы, бүгінгі күні біздерге педагогтар, оқытушылар жетіспей жатыр. Мәселе бүгіннің өзінде ушығып тұр, ал он жылдан кейін жағдай апат жағдайына жетуі ықтимал. Себебі орыс тілінде сабақ беретін адамдар қалмайтын сияқты. Шын мәніндегі білікті мұғалімдердің көбісі елден баяғыда кетіп қалған, қалғандарының көбісі зейнет жасынан жақындағандар. Олар бірнеше жылдан кейін зейнетке шығады, ал олардың орнын толтырар ешкім жоқ...

Сұрақ: Жаңа сіз айтып қалдыңыз, білім алғысы келетіндердің көбісі Ресей емес, шетелге барып оқығысы келеді деп. Сонда Ресей олар үшін қызықты емес пе?

Жауап: Қиын сұрақ. Мысалы, ресейліктердің өзі неге Англияға, АҚШ-қа не болмаса Францияға барып оқығанды қалайды?.. Қазақстандықтар да сол сияқты. Қолынан келгендер шетелге барып оқиды. Бүгінгі таңда Қытайға барып оқушылардың саны артып еледі. Бәлкім, осы бағыттың болашағы бар дейтін шығар. Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастардың қарқыны керемет. Сондықтан болар студенттердің біразы тікелей Пекинге барып оқып жүр...

Сұрақ: Қазақстандағы жастардың ішінде қазақ тілін білмейтіндер бар ма?

Қазақ тілін тек қана тұрмыстық, тіпті тұрпайы тілде меңгерген жастар көп. Жалпы алғанда, балаларды мемлекеттік стандарттар бойынша бірінші сыныптан бастап оқытады. Оны үйренуге бөлінген сағаттар саны да жаман емес. Бесінші сыныптан бастап қазақ әдебиеті қазақ тілінде үйретіледі. Дегенмен басқа түгіл, жастар арасындағы қазақ тілін меңгеру қарқыны нашар. Бұны немен түсіндіру керек екенін мен біле алмай отырмын, мүмкін жақсы оқулықтар, әдістемелік құралдар аз шығар.

Сұрақ: Қазақ тілін білмейтінден белгілі бір қиындықтарға тап бола ма? Ол қиындықтар қандай?

Жауап: Егер, бүгінгі күні айтылып жатқандай, елдегі іс қағаздарды жүргізу толығымен қазақ тіліне көшірілсе, онда сіз айтып отырған қиындықтар бар салада орын алады. Қазақ тілін меңгермегендер елден кететін шығар. Оны олардың өздері де жақсы түсінеді. Егер статистика деректеріне көз салсақ, 1990-шы жылдары орын алған Қазақстаннан жаппай көші 2000-шы жылдары бәсеңдегенін көреміз. Бүгінгі күні бұл үрдістер қайта басталып, көші-қон көрсеткіштері артып келеді.

 

 

«Абай-информ»

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5568