Жүкел Хамайұлы. Күн кестесі
ІІ.
Өлеңсөзде көркемдіктен өзге шартты теория болмайды дегенді айттық. Енді осы ұстаным арқылы ақын сөзін ары қарай талдаймыз. Әлбетте, біз сын айтпаймыз. Ол - сыншылардан атқарылар іс. Біздікі-ақынның өлеңін ақын жүрегімен оқу. Ақындық көзқараспен ой тереңіне еркін бойлап, өлеңсөздің қатпарына үңілу, әсем ырғағынан жанға ләззат табу.
«Жүректен кіріп бойды алар...», - деп Абай айтқандайын, жүректен кіріп, бойды алған тынысты сыртқа шығару.
Толған айдай толықсып, тәтті мұң көкіректі билеген тұста, әлде қайдан көңілге медеу боларлық - салқын сая іздейсің. Жаның тағат таппай, әлде неге шөліркеп, дүние кеңістігі тарлық ете бастаған тұста, көңілге самал боларлық тағы да бірдеңені іздейсің. Жұмекеннің өлеңі осы қасиетке толы. Сондығынан болар, оның өлеңдері кез келген адамның жүрегінен орын таба береді. Қарапайым сөз, қарапайым өрнек, қарапайым табиғат, бірақ Жұмекеннің оларды көру тәсілі мүлде бөлек, өзінен өзге ешкімге ұқсамайды. Тек қана Жұмекеннің көзімен көріп, жүрегімен сезуге болатын бояу, нақыш пен өрнектер. Көп жағдайда адамдар осы тұсқа келгенде, Жұмекеннен көз жазып қалып жатады. Қарапайым сөз-өрнектерінің астарына үңілуден ерініп немесе түсінбей, ақын өлеңдерін шеттете оқу қалай болар екен?!.

ШЕГІНІС: Тағы да сол «Ана тілі» Ұлт апталығында жұмыстап жүрген кезде апталықтан жарияланған «Жабық бәйгеге» әр түрлі ақындардан шығармалар келіп жатты. Ақын Исрайл Сапарбайдың жазған көлемді поэмасын редактор (Мереке Құлкенов) біздің қолға берді. «Оқып, таныс!» деп бұрыштама қойыпты. Оқыдық, таныстық. Исрайлды емес, Жұмекенді оқығандай әсер алдық!.. Кезекті лездемеде редактор осы поэма туралы әр адамнан жеке-жеке пікірін сұрады. Мен: «Бұл поэма Жұмекенді еске түсіреді!», - дедім. Мереке: «Мен де солай ойлағанмын!», - деді.
- Жұмекеннің «Топырақ» дейтін толғауының солғын бір көшірмесі сияқты!, - дедім.
- Иә, дәл солай!, - деді, Мереке...
Ғажабы сол - бұл жерде Жұмекеннің «Топырақ» деп аталатын толғауы дегенді айтып отырғанымыз болмаса, Исрайлдың поэмасының аты да, заты да мүлде бөлек, ұзын-сонар поэмада Жұмекеннің толғауынан алынған бір де бір сөз, теңеу жоқ болатын. Әйтсе де, поэманы оқығанда Жұмекеннің «Топырақ» деп аталатын толғауының ырғағына түсіп, соны оқып отырғандай әсер аласың. Сенің көз алдыңа Исрайл емес, Жұмекен елестейді. Тақырыбы, айтар ойы, құрылымы да бөлек екі дүниені ұштастырып тұрған не нәрсе? Әрине, өлеңсөздің ішкі ырғағы (заңдылығы)! Сол ішкі ырғақты шегіне жеткізе игерген Жұмекеннің ақындық қалпы. Орыстар мұны «школа» деп атайды. Сөзбе-сөз - Жұмекендік мектеп, иәки - Жұмекен дәстүрі. Біздің әдебиеттегі: «Абай мектебі», «Шәкәрім мектебі», Ахмет мектебі», «Мұхтар мектебі»...т.т, т.б... деп атап жүргеніміз - осы!
Жұмекен Алматы консерваториясынан калған күйшілік мектебін Мәскеудегі М. Горький атындағы Әдебиет Институтында әдебиет білімімен толықтырды. Демек, ол ақындық шеберлігін Ықылас, Құрманғазылардың күйшілік сарынына үйлестіру арқылы әлем әдебиетінің інжу-маржан үлгілерімен тұтастырып, түгелдей көкірегіне түйіп алды. Осылайша оның көкірегінде қазақтың күй сарынан бастау алған өлеңнің дара бір ырғағы қалыптасты. Бұдан былай «Жұмекендік мектеп» деп аталатын бұл ырғақты ақын табиғи дарыны мен мол біліміне ұштастыра отырып, өлеңсөзде өзінен өзге ешкімге ұқсамайтын жаңа қалып, жаңа дәстүрді, жаңа тәсілді пайда болдырды. Бұған кім еліктесе, сол адам - Жұмекен болады да тұрады. Исрайлдың поэмасының Жұмекеннің толғауына ұқсап кеткені де сондықтан. Көп жағдайда әдебиет мектебінен хабары жоқ, жазуды өнер деп қабылдамайтындар мен әдебиетке көзсіз қадам басқан үлкені бар, кішісі бар барлық пенде осындай еліктеуді бастан өткізеді. Солардың арасынан ілуде біреуі Жұмекен сияқты өзіндік дара қалпын қалыптастырып, «Ұлы ақын», «Ұлы жазушы» деген атқа ие болады.
(Жалғасы бар)
«Абай-ақпарат»