Алматыда аты аңызға айналған Панфилов дивизиясының 70 жылдығына арналған патриоттық акция өтті
АЛМАТЫ. 13 шілде. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыдағы 28 гвардиялық панфиловшылар атындағы саябақта 316-шы (8 гвардиялық) атқыштар дивизиясының құрылғанына 70 жыл толуына орай «Панфилов дивизиясының күні» атты мемориалдық патриоттық акция өтті.
«Ақпараттық бастама» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен өткен шараға ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жергілікті атқарушы органдарының өкілдері, Ресей және Қырғыз Республикалары елшіліктерінің бас консулдары, ресейлік, қазақстандық және қырғыз қоғамдық ұйымдары мен жастар бірлестіктері, сонымен қатар, панфиловшы-жауынгерлердің туған-туыстары мен немерелері қатысты.
Акцияға қатысушылар Даңқ мемориалына, Бауыржан Момышұлы ескерткіштеріне, 28 панфиловшы-жауынгерлердің атаулы белгілеріне гүлшоқтарын қойып, аспанға - «Кеңес Одағының Батыры» атағына ие болған жауынгерлердің саны бойынша - 37 әуе шарларын жіберді.
Шараның салтанатты бөлімінде сөз сөйлеген ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, полковник, профессор, Ресей Әскери академиясының корреспондент-мүшесі Ким Серікбаев қазақстандық батырлардың Мәскеуді қорғау барысында көрсеткен ерлігі мен батылдығын еске салды. Ардагер сонымен қатар, барлық тарихшыларды Ұлы Отан соғысындағы тарихи фактілерді бұрмаламауға шақырды.

«Панфиловшы -жауынгерлердің ерлігі - Отанға деген әртүрлі ұлт адамдарының шексіз махаббатының мысалы бола алады. Ұлы Отан соғысы жылдары дивизия құрамында КСРО-дан 36 ұлт өкілдері соғысты, олардың ішінде қазақтар, орыстар, украиндықтар, қырғыздар, еврейлер, беларустар және басқа ұлт өкілдері болды. Сондықтан, Панфилов дивизиясының тарихи мысалын негізге ала отырып қазақстандық патриоттық рухты тәрбиелеу керек»,-дейді акцияның ұйымдастырушысы, «Ақпараттық бастама» корпоративтік қорының директоры Михаил Тюнин.
Оның айтуынша, алдағы уақытта панфиловшы-жауынгерлердің қаһармандық тарихына арналған көптеген шаралар, акциялар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылатын болады.
Мемориалдық акция «Панфиловшы-жауынгерлерді еске ала отырып» атты дөңгелек үстел отырысымен жалғасты. Оған әскери қызметкерлер, ардагерлер, генерал Панфиловтың туысқандары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысуда.
316-шы атқыштар дивизиясы Алматы қаласында 1941 жылдың шілде-тамызында құрылған болатын. Дивизияның жеке құрылымы Алматы қаласы, Алматы облысы, Қазақстанның басқа да аймақтары және қырғыз елінің әскери міндетті тұрғындарынан жасақталды. 1941 жылдың қазан-қарашасында Мәскеуді қорғау барысында көрсеткен ерлік пен батылдығы үшін дивизияға 8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы аты берілді, ал кейініректе дивизияға 1941 жылдың 18 қарашасында Мәскеу облысының Волоколамск қаласының тұсында қаза тапқан, дивизияның тұңғыш командирі Иван Васильевич Панфиловтың аты берілді. Панфиловшы жауынгерлер Псков облысын, Латвияны, Литваны неміс-фашисттік жаулап алушыларынан қорғауға қатысты. Панфилов дивизиясы Ленин орденімен, екінші дәрежелі Суворов орденімен марапатталды.