Сенбі, 23 Қараша 2024
3543 1 пікір 2 Тамыз, 2019 сағат 13:34

Қазақстандық оқушылар арасындағы халықаралық олимпиадада екі медаль жеңіп алды

Қазақстан ұлттық құрамасы 24-31 шілде аралығында Санкт-Петербург қаласында өткен IEO 2019 оқушылар арасындағы халықаралық олимпиадасында екі қола медаль жеңіп алды.

Айта кету керек, қазақстандық ұлттық кезеңдер екінші жыл қатарынан «Астана» Халықаралық қаржы орталығының Үздіксіз кәсіби даму Бюросы алаңында өткізіледі. AIFC Finance Olympiad жеңімпаздары IEO халықаралық кезеңінде елді таныстыруға мүмкіндік алады.

IEO 2019 үш кезеңінің нәтижелері бойынша жеке және командалық сынақтарда жеңімпаздар анықталды. Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынына Айғаным Дәупбаева (НЗМ, Қарағанды қ.) және Еркежан Балташева (НЗМ, Нұр-Сұлтан қ.) жеке есепте екі қола медаль әкелді. Жиналған ұпай саны бойынша жеке есепте абсолютті жеңімпаз болып Қытайдан келген Эндрю Пей атанды. Екінші орында Бразилиялық Гильермо Кутрим Коста, үшінші орында Жаңа Зеландиядан келген Максимилиан Сурвейор.

Командалық есеп қорытындысы бойынша бірінші орынды Бразилиядан келген команда, күміс және қола жүлдені Қытайдан келген оқушылар иеленді.

Жарысқа 24 елден 29 команда қатысты. Олимпиаданың барлық жеңімпаздары 2020 жылы НИУ ВШЭ экономикалық бағдарламасына оқуға түсу мүмкіндігіне ие болды.

Айғаным Дәупбаева (IEO 2019 қола жүлдегері):

«Экономика бойынша олимпиаданың басқалардан айырмашылығы, мұнда нақты формулалардан басқа экономикалық ойлау мен түйсікті пайдалану қажет. Мен осы тақырып қызықтырған және болашақта кәсіпқой болғысы келетін әр елдің балаларымен танысуға қуаныштымын. Біз өз күшімізді жоғары деңгейде сынап көруге мүмкіндік берген АХҚО Бюросына алғысымызды білдіреміз».

Экономика бойынша халықаралық олимпиада 2018 жылы Мәскеуде алғаш рет өткізілді. Қазақстан 2020-шы жылы жарысты Нұр-Сұлтан қаласында АХҚО Бюросы алаңында қабылдайды.

Анықтамалық ақпарат:

АХҚО. 2015 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО мақсаты халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру болып табылады. АХҚО-ның міндеттері қаржы қызметтері саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру жолымен ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады.

www.aifc.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347